ҚЫЗЫЛОРДА. 13 мамыр. Кентау қаласында жеңіл атлетикадан өткен біріншілікте Қызылорда облысы Арал ауданының спортшылары жеңіспен оралды. Бұл туралы Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталмыш жарыс Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Спорт-нашақорлыққа қарсы!» ұранымен 2000-2001, 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған болатын.
Жарысқа Арал ауданының намысын қорғап жүрген жасөспірімдер қатысып, жалпы командалық есепте І орынға ие болды.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.