• RUB:
    6.63
  • USD:
    487.73
  • EUR:
    558.99
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:30

Иран Ормұз бұғазындағы алымдарды 60 күнге тоқтатты

Иран билігі Ормұз бұғазы арқылы өтетін кемелерден алынатын алымдарды 60 күнге тоқтатты. Мұндай шешім Тегеран мен Вашингтон арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соған қарамастан, Тегеран бұғазға келген кемелер алдын ала өтінім беріп, жүру бағыты мен бұғаздан өту уақытын көрсетуге міндетті екенін мәлімдеді. Иран тарапы бұл талап теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізілгенін мәлімдеді.

Бұған қоса Тегеран бір ай ішінде Ормұз бұғазының акваториясын миналардан тазалап, кеме қатынасына кедергі келтіретін барлық бөгеттерді жоюға міндеттеме алды.

АҚШ пен Иран меморандумға қол қойды

Келісімге сәйкес, АҚШ теңіз блокадасын тоқтатқанын жариялады. Пентагон мәліметінше, келісілген мерзімде америкалық әскери күштердің Парсы мен Оман шығанақтарындағы кемелердің қозғалысына кедергі келтірмейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ел билігі Парсы шығанағындағы стратегиялық маңызы бар порт аумағынан жер телімін алатынын хабарлаған болатын. Келісімге сәйкес Қазақстан ирандық тарапқа Каспий теңізіндегі Ақтау мен Құрық порттарының инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар