• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2015

Қостанайда соғыс ардагері Гейдар Алиев туралы естелік айтты

366 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 15 мамыр.  Қостанайдағы «Бірлік» Әзербайжан этномәдени бірлестігінің жастар қанаты Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник Павел Даценкомен кездесу ұйымдастырды.  Соғыс ардагері тек майдандағы ерлік туралы ғана емес, бірге оқыған досы Гейдар Алиев туралы да қызықты естеліктер айтты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Соғыс ардагері Павел Васильевич соғыста Әзербайжан Кеңестік Социалистік Республикасының бас прокуроры болған Гамбай Мамедовпен майданда бірге болған еді. Соғыстан кейінгі жылдары Әзербайжанның тұңғыш президенті Гейдар Алиевпен бірге оқыды. «Бірлік» Әзербайжан этномәдени бірлестігі жастар қанатының төрайымы Зүлфия Нйбиева: «Гамбой Мамедов – Станлинград шайқасы батырларының бірі, ол білікті ұйымдастырушы, рота командирі болды. Павел Даценконың – оның қандыкөйлек досы. Ал Гейдар Алиевпен соғыстан кейінгі жылдары Ташкентте Қарсыбарлау жоғары училищесінде бірге оқыған. Ардагердің азербайжан достары туралы айтары мол» деді. Биыл мамыр айында Гейдар Алиевтің туғанына 93 жыл толыпты.  Зүлфияның айтуынша жыл сайын Әзербайжанда Тұңғыш Президенттің туған күніне орай гүлдер фестивалі өтетді екен. Осыған орай және Жеңістің 70 жылдығы құрметіне «Бірлік» әзербайжан этномәдени бірлестігі Қостанай қаласындағы жауынгерлік даңқ музейі бар №4 орта мектептің ауласына егу үшін 30 түп раушан гүлінің көшетін сыйға тартты. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: alau.kz