• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2015

19

282 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында жыл басынан бері осынша мүгедек адам жеке кәсібін ашуға несие алды Мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамнан қа­тыгездік көрмеуі тиіс. Олар да әрбір дені сау адам секілді жұмысын істеп, отбасын асырап, қажетті көмекті алуы керек. Соңғы жылдары мем­лекет мүгедектердің құқын қорғауда, оларды әлеуметтік қолдауда, жұмыспен қамтуда көп­те­ген шаруа атқарып келеді. Таяуда Қызылорда облысы әкімдігінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы облыстық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өздерін өзгеден кем сезінбеуі үшін әлеуметтік мәселесі дұрыс болуы қажет. Осы орайда облыста 2013 жылдан бастап мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі «Жол картасы» жүзеге асырылып келеді. Жиында 2014-2015 жылдарға арналған «Жол картасының» орындалуы бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева баяндама жасады. Бүгінде жалпы облыс бойынша 27 мыңнан астам мүгедек бар. Олардың 4289-ы өкінішке қарай 18 жасқа дейінгі балалардың үлесінде.  Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдету мақсатында қабылданған «Жол картасы» бойынша 2014-2015 жылдарға 8,1 миллиард теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ, бүгінгі таңда жұмыспен қамту орталықтары арқылы 354 мүмкіндігі шектеулі адамдар, оның ішінде 147 мүгедек тұрақты, 188 мүгедек уақытша жұмыспен қамтылды  және  19 мүгедек жан жеке ісін ашуға несие алды. Айта кету керек, қазір облыстың барлық ауданында «әлеуметтік такси» қызмет етеді. Сондай-ақ, Қызылордаға жаңадан әкелінген 30 қоғамдық автобуста мүгедектердің мініп-түсуіне жағдай жасалған. Алдағы уақытта осындай 100-ге жуық автобус алынады. Өткен жылы мүгедектерге арналған 7 аула клубы ашылса, биылғы жылы алғаш рет Қармақшы, Сырдария және Жаңақорған аудандарында күндізгі болу бөлімшелер желісі ашылып, жұмыс жасауда. Жиын соңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тиісті сала басшыларына «Жол картасы» аясындағы  жұмыстардың жүзеге асырылуы, еңбекке қабілетті мүм­кіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмыспен қамту, олардың қажетті нысан­дарға қолжетімділігін қамта­масыз ету туралы нақты тапсырмалар берді. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». ҚЫЗЫЛОРДА.