• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2015

Даладағы дуадақтар

794 рет
көрсетілді

Жорға дуадақтарды қорғау халықаралық қоры 2015 жылдың 18 тамызы мен  18 қыркүйегі аралығында жорға дуадақтарының өсімін молайту орталықтарында өсірілген 1400 жорға дуадақты Қазақстан табиғаты аясына жібереді. Мұнымен 120 құсқа қимыл-қозғалыстарын бақылау үшін арнайы спутниктік құрыл­ғыларды  бекіту жоспарлануда. Жорға дуадақтар Бет­пақ­дала мен Қызыл­құм аймақ­тарынан ұшырылмақ. Аталмыш құстың қоныс аударатын ең көп саны  Қазақстан аумағында өніп-өседі. Бұрынырақ, 2009-2015 жылдар аралығында Қазақстанның табиғатына 5 300-ден аса жорға дуадақтар ұшырылды.  Ғалымдар орнатылған спутниктік құрылғылар арқылы жіберілген құстардың қимыл-қозғалыстарын бақылай алды. Сондай-ақ,  ұшырылған жорға дуадақтар Қазақстанның табиғи ортасына бейімделіп, қыстау кезеңінде өздеріне туыстас жабайы құс­тардың дәстүрлі маршрутымен жүргенін атап өткен жөн. Жорға дуадақтардың өсімін молайту және сақтау бойынша Қазақстан мен жорға дуа­дақ­тарын қорғау халықаралық қоры арасын­дағы келісімшартқа сай Оңтүстік Қазақ­стан облы­сының Бәйдібек ауданында жылына 5 000 жорға дуадақтарды шығаратын орталықтың құ­рылысы жалғасуда. Ғалымдардың айтуынша, Қазақстанның табиғатына жорға дуадақтар шығару, олардың қимыл-қозғалыстарын бақылау, Таяу және Орта Шығыс елдеріне қыстауға көшіп-қону мер­зімдері мен негізгі жолдарын анықтау үшін қажет, деп хабарлады Ауыл шаруашылық минис­трлігінің баспасөз қызметі.