• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2015

Жазғы жаттығу

301 рет
көрсетілді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында зымыран әскерлері мен артиллерия жеке құрамының лагерьлік жиындарында қайраттылық көр­сетті. Бұл шара биылғы жылдың «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник Есбол Аманғожаевтың басшылығымен Ақтау гарнизонына қарасты «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында өтті. Жиынды өткізу мақсаты – батарея, взвод, бөлімше командирлерінің әдістемелік ше­берлігін шыңдау, кәсіби біліктілігін арттыру, техника мен қару-жарақты және оның ерек­шеліктерін меңгеру. Белгіленген жоспардағы № 10, № 16 тапсырмаларды орындау бойынша қарудан оқ ату ұйымдастырылды. Оған Д-30 аспандата ататын ауыр зеңбірегі, МТ-12 зеңбірегі, 1200 мм минометті батареялар пайдаланылды. Тапсырманы орындау барысында әскери қызметшілер жақсы нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда, гвардия сержанты Ж.Дәулетбаев Д-30 ауыр зеңбірегінен бір атқаннан нысанаға дәл тигізді. № 1 артиллериялық атуда 2-батарея (батарея командирі гвардия капитаны А.Кенжеғалиев) үздік нәтиже таныта білді. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар