АСТАНА. 20 тамыз. Бүгін түнде УЕФА Еуропа лигасы іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесінде «Қайрат» сырт алаңда Францияның «Бордо» командасымен кездеседі. Астана уақытымен сағат 00:30-да басталатын ойынды «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді көздеп отыр. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
«Бордо» Франциядағы тарихы бай, белгілі командалардың бірі. Алты мәрте ел чемпионы атанған жасақ соңғы рет бұл межені 2008-2009 жылғы маусымда бағындырды. Кезінде сапында Эрик Кантона, Дидье Дешам, Зинедин Зидан сынды әлем футболының жарық жұлдыздары доп тепкен командадан кез келген қарсылас қаймығатыны сөзсіз.
Өткен маусымда «Бордо» Франция чемпионатын 6-орынмен аяқтады. Бұл елдің Бірінші лигасында 20 команда сайысқа түсетінін айта кетейік.
Ал «Қайрат» Еуропа лигасы іріктеу турнирінің плей-офф сатысына алғаш рет шығып отыр. Екі команданың тәжірибесін ескерген мамандар бүгінгі ойында басымдықты алаң иелеріне беруде.
Осы ойыннан бөлек, бүгін турнир шеңберінде тағы 21 кездесу өтеді:
«Альтах» (Австрия) – «Белененсеш» (Португалия)
«Стяуа» (Румыния) – «Русенборг» (Норвегия)
«Виктория» Пльзень (Чехия) – «Войводина» (Сербия)
«Яблонец» (Чехия) – Аякс (Нидерланды)
«Мольде» (Норвегия) – «Стандард» (Бельгия)
«Жилина» (Словакия) – «Атлетик» (Испания)
«Заря» (Украина) – «Легия» (Польша)
«Милсами» (Молдова) – «Сент-Этьен» (Франция)
«Янг Бойз» (Швейцария) – «Карабах» (Әзербайжан)
ПАОК (Грекия) – «Брондбю» (Дания)
«Динамо» Минск (Беларусь) – «Зальцбург» (Австрия)
«Слован» Либерец (Чехия) – Хайдук Сплит (Хорватия)
«Панатинаикос» (Грекия) – «Габала» (Әзербайжан)
«Астра» (Румыния) – «АЗ Алкмар» (Нидерланды)
«Краснодар» (Ресей) – ХИК (Финляндия)
«Лех» (Польша) – «Видеотон» (Венгрия)
«Работнички» (Македония) – «Рубин» (Ресей)
«Атромитос» (Грекия) – «Фенербахче» (Түркия)
«Саутгемптон» (Англия) – «Митьюлланд» (Дания)
«Одд» (Норвегия) – «Боруссия» Дортмунд (Германия)
«Тун» (Швейцария) – «Спарта» Прага (Чехия).
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: footboom.kz.