• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2015

Тараздан Астанаға ауылшаруашылық өнімдері жіберілді (фото)

345 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 20 тамыз. Жамбыл облысының ауылшаруашылық өнімдері тиелген жүк көліктер керуені Елордаға қарай жол тартты. Диқандар Астана қаласына 24,5 млн. теңгенің 115 тонна өнімін әкетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай Жамбыл облысы әкімдігі мен ауыл шаруашылығы басқармасы және «Тараз» ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен тамыз айының 22-сі мен қыркүйек айының 22-сі аралығында Астана қаласында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланған, – дейді бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиев. – Осыған орай Астана қаласына 10 тонна еті, 2 тонна сүт, 5 тонна шұжық пен 57 тоннадан астам көкөніс-бақша өнімдері жөнелтілді. Одан бөлек, облыста өндірілетін басқа да ауыл шаруашылығы тауарлары, атап айтсақ, ара балы, қымыз, макарон өнімдері, өсімдік майы бар. 6 рефрижератор көлігіне тиелген тауарларды 30 сатушы алдағы демалыс күндері Астана қаласының тұрғындарына 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынатын болады. Оралхан Дәуіт. Дерек: egemen.kz. Сурет: Ақәділ Рысмахан.