• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2015

Қаламы – қуат, жүрегі – шуақ

485 рет
көрсетілді

 Қаламы – қуат, жүрегі – шуақ   Жастық жігерін парасатымен шыңдаған, Жүректің жырын ақыл-ойымен тыңдаған. Жасампаз жылдар жанында оның тулаған, Жалыны лаулап, дауылы самғап, тынбаған, Жақсы ағам менің, қуатты ағам, нұрлы ағам.   Қуаныш ағам, шуақты ағам, нұрлы ағам, Құлагер-ойы қиянға шауып тұрмаған. Қиялы сонау ғарышқа самғап, зулаған, Қасында ылғи жаңа мен озық дулаған, Қайраткер ағам, жаңашыл ағам, нұрлы ағам.   Қуаныш ағам, қуанған елі, нұрлы ағам, Қоғамның сөзін құлаққа құйса, сыр бағам. Қазақтың сөзін қалауын тауып қырнаған, Қапыда соққан қара дауылға сынбаған, Қарағай бойлы, данадай ойлы, нұрлы ағам.   Қаламы жүйрік, қадамы құтты нұрлы ағам, Қараулы сөзге қабағын әсте бұрмаған, Қанатты жылдар қадірін оның бұлдаған, Қалаулы жерде қазақтың ділін көрсеткен, Қашанда алда саптағы сардар, нұрлы ағам.   Қуаныш ағам, көңілі теңіз, нұрлы ағам, Қуатты сөзбен өмірі егіз, тыңдағам. Қайырып айтып, қуанып талай жырлағам, Қаламы – қуат, жүрегі – шуақ білгенге, Қазаққа біткен осындай адам, нұрлы ағам.   «Жетпісте» дейді, жетпісі несі, шүбәм бар, Жеріне жетпей төменге түспес қырандар. Жүрегінде оның айтылар әлі мың ән бар, Жігіттің жасын жұртынан ғана сұраңдар, Жанары әркез жарқылдап, жанып ұрандар.   «Жетпісте» дейді, жетпісің деген осы-ақ па, Жүгенін салар, ерлерін ерттеп қос атқа. Жүйрікке құмар жігіттің жанын босатпа, Жарқылдап жүрген Қуаныш ағам, қарасам, Жұп отыз бесіңді құрықтап алған қосаққа.   Жалауын тіксін жарқылдап жеткен армандар, Жапырақ жайсын жақсы бір жолға барғандар. Жүгіріп жетсін артынан оның қалғандар, Жалықпай тұрып, анықтай тұрып санайық, Жүзден кейін де жүрекке жақын сандар бар.   Арманшыл ойы алға да тартқан санасын, Адал боп сүйген кең-байтақ қазақ даласын, Адами істің уақытқа қаққан тағасын, Алланың берген жасына жеткін, жақсы аға, Алақан соғып, қуана берсін алашың.   Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ.