• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2015

Нью-Йорк тұрғындарына үйлерінде темекі шегуге шектеу қойылуы мүмкін

291 рет
көрсетілді

АСТАНА. 30 маусым. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұрғындарға өз үйлерінде темекі шегуге тыйым салынуы мүмкін. Осындай ұсынысты қала мэрі Билл де Блазио жариялады. Бұл туралы The New York Post басылымына сілтеме жасаған russian.rt.com хабарлады. Аталған басылымның жазуынша, бұл – қала басшысының шаһардағы темекі шегуді азайтуға бағытталған стратегияларының бірі болып табылады. Бағдарлама бойынша бұл бастама үшін қаржы бөлу де жоспарланып отыр. АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасына қарағанда, мұндай тыйымнан жұртшылықтың ұтары көп. «Халық өз үйлерінде таза әрі саф ауамен рахаттана алады, ал пәтер қожайындары жеке меншіктеріне жұмсалатын шығындарын азайтады», – дейді мамандар. Естеріңізге сала кетейік, Нью-Йорк қаласында қазірдің өзінде парктер мен барлық коммерциялық мекемелерде темекі шегуге тыйым салынған. Еламан Қоңыр. Дерек: russian.rt.com. Сурет: fishki.net.