• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Тамыз, 2015

Қамқорлық

533 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында екі бірдей спорт кешені ашылды Қызылорда облысының екі бірдей ауданында, яғни, Жаңақорған мен Қазалыда заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Спорт кешендері қа­жетті құрылғылардың барлығымен жабдық­талған. Құрылысы 2014 жылдың тамыз айында басталған спорт нысанында бір мезгілде 150-ден аса адамның жаттығуына мүм­кіндік бар. Жаңақорған ауданындағы жаңа спорт кешенінің ашылуына облыстық мәс­ли­хаттың хатшысы Ақмарал Әлназарова қатысты. – Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде елімізде осындай әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеруде. Өскелең ұрпақтың дені сау, заман талабына сай қабілетті болып өсуіне мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалуда. Ендігі кезекте Жаңақорғанның жас жеткіншектері осы кешенде жаттығып, ел абыройын асқақ­татады деген сенімдеміз, – деді ол. Жаңақорғандықтар мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлыққа риза­шылығын жеткізіп, жас спортшыларымыз алдағы уақытта дүбірлі додаларда намысты қолдан бермей көк байрағымыздың биіктен желбіреуіне атсалысатынын айтты. Сондай-ақ, дәл осындай спорт нысаны Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде ашылды. 160 орындық заманауи үлгіде салынған спорт кешенінің ашылуымен облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы құттықтап, мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатының басты бағыттарының бірі – жастардың спортпен айналысуына барынша жағдай жасау екендігін жеткізді. Сонымен қатар, бүгінгі ашылып отырған сауықтыру кешенінен тәрбиеленетін спортшылардың ел абыройын асқақтататынына сенім білді­ретіндігін жеткізді. Айта кетейік, облыста бұқаралық спортты дамытуға үлкен көңіл бөлініп,  қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл Қызылорда қаласында бокс орталығы мен ипподром пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек Илья Ильин атындағы ауыр атлетикадан спорт кешені мен үш мың орындық жабық футбол манежінің құрылысы басталады. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». Қызылорда облысы.