• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2015

Астанада 2 күнде 10 мың текше метр су сорылды

400 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 мамыр. Өткен сенбі, жексенбі күндері Астанада 1 айлық жауын-шашын мөлшері жауды. Соның салдарынан бірқатар көшелер жабылып, коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеді. Нөсер жауынның салдарын жою кезінде қаладан 2 күнде 10 мың текше метр су сорылған. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz хабарлады. Қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, 17 мамыр күні «Алматы» ауданынан – 4 242, «Сарыарқа» ауданынан – 2 989, ал «Есіл» ауданынан 1 177 текше метр жаңбыр суы сорылған. Бұл жұмыстар бүгін де өз жалғасын тапты. Қазіргі кезде 80-ге жуық мамандандырылған техника тиісті жұмыстарды жүргізуде. «Қазгидрометтің» болжауынша, Астанада жауын-шашынды ауа райы әлі 3 күн, яғни, 20 мамырға дейін сақталмақ. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: astana.gov.kz.