• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
22 Тамыз, 2015

Байланыстарды тереңдетуге назар аударды

312 рет
көрсетілді

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев Ляньюньган қаласының (Цзянсу өлкесі) мэрі Чжао Сяоцзянмен кездесті, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі. Кездесуде тараптар транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту сала­сын­дағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашағын, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын және Қытай тарапының «Бір белдеу, бір жол» бас­тамасын жүзеге асыру мәселелерін, сондай-ақ, Ляньюньган теңіз портының мультимодалдық терминалының әрі қарай дамуын талқылады. Алматы мен Ляньюньган арасында контейнерлік пойыздар аптасына бес рет қатынап, жылдық жүк айналымы 100 мың контейнерге жеткені атап өтілді. Биыл­ғы жылы контейнерлік тасымалдарды 250 мыңға жеткізу жоспарланған. Ляньюньган порты Қытайдың орталық және батыс бөліктерімен байланыстыратын теңізге ең ыңғайлы әрі тез шығатын инфрақұрылымының арқасында, сондай-ақ, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін назарға ала отырып, порттың өт­кізу қабілетін арттыру және Ляньюньган қаласы Қазақстан – Қытай халықаралық логистика­лық компаниясының қызметін кеңейту жоспарланған. Тараптар мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағда­ластықтарды жүзеге асыруға, екіжақты инвестициялардың көле­мін арттыруға, сонымен бірге, Алматы – Ляньюньган бағыты және Қазақстан арқылы транзит бойынша Орталық Азия мен Еуропаның басқа мемлекеттеріне жүретін контейнерлік пойыз­дардың жүк тасымалын арттыру жөніндегі мақсаттарды іске асыру қажеттілігіне айрықша назар аударылды.  «Егемен-ақпарат».