АСТАНА. 1 сәуір. Мәскеудің Пресня соты жазаларды орындау федералды қызметінің бұрынғы басшысы Александр Реймерді «электронды білезік» сатып алу кезіндегі алаяқтығы үшін қамауға алды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Соттың мәліметінше, құқық қорғау саласының шенеунігі аталған алаяқтығы арқылы мемлекетке 2,7 млрд. рубльдің залалын келтірген.
Айыпталушы денсаулығы жағдайы туралы егжей-тегжейлі мәліметтің тарап кетпеуі туралы қорғау жағының өтініші бойынша іс жабық отырыс жағдайында қаралды. Реймер өзінің кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.
Сот қаулысынан тергеу мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылғаны белгілі болды. Ал тергеуші Реймерге жасырынып қалу немесе өзінің қызметтік дағдылары мен тамыр-таныстықтарын пайдаланып, айғақтар жинауға кедергі келтіру ниетінде деген күдік білдірді.
Сонымен бір мезгілде Реймердің қорғаушылары оның ауыр науқас екенін және тергеу позициясының негізсіз екенін көрсететін қосымша дәлелдер жинау үшін отырысты 72 сағатқа кешеуілдетуді қадалып сұрады.
Реймер 31 мамырға дейін құлып астында болады. Бұдан бұрын тұтқындалған жағдайда оның «Лефортово» тергеу оқшаулағышында отыратыны айтылған еді. Қорғаушылар өздері қорғауындағы айыпталушыны қамауға алу жөніндегі шешімге келіспеушілігін қалалық соттың апелляциясына білдіре алады.
Мұның алдында осы істің басқа фигуранты – кәсіпкер Николай Мартынов 30 мамырға дейін қамауға алынған еді.
Мұрат Айтқожа.