АСТАНА. 24 тамыз. Тарихта алғаш рет Лондан қаласындағы көпқабатты үйлердің арасын жалғайтын бассейн салу жоспарланып отыр. Құрлысын нысаны екі ғимараттың шатырынан бой көтереді. Бұл туралы zele.ru хабарлады.
HAL architects мамандарының жоспары бойынша нысан «аспандағы бассейн» деп аталмақ. Бассейн құрылысын Arup компаниясы жүргізбек.
Embassy Gardens деп аталатын спорттық-сауықтыру комплексі 242 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда 2 мыңға жуық пәтер, түрлі бағыттағы офистер мен қонақ үй орналасады. Ал бассейн қалыңдығы 20 см. болатын шынымен қапталмақ. Ұзындығы 25 метр, ені 5 және биіктігі 3 метр болады.
Айта кетейік, мамандар бұл бассейн пайдалануға берілген кезде Лондонға келетін туристердің саны артады дегенді алға тартып отыр.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: zele.ru.