• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2015

Ослодағы Мәдениет пен тіл фестивалі

311 рет
көрсетілді

Қазақстанның Норвегиядағы елшілігі Қазақстан-Норвегия мәдени орталығымен бірлесе, Ослоның мэриясы ұйымдастырған мәдениет және тіл фестиваліне қатысты. Қазақстан мәдениеті бұрышында мәдени-тарихи, археологиялық ескерткіштердің бейнелерін, Қазақ елінің салт-дәстүрлерін көрсететін, Астананың қазіргі архитектурасының және Алматының олимпиадалық объектілерінің суреттерін қамтитын фотокөрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұлттық киімдер көрмесі мен Қазақстан туралы кітаптар ұсынылды. Фестивальға қатысушылар сәндік-қолданбалы өнермен танысып, елдің ән-күйін тыңдап, Қазақстан-Норвегия мәдени орталығының басшысы Алмагүл Қалелованың орындауында ұлттық биді тамашалады және «Қазақстанға хош келдіңіз» бейне-ролигін көріп, ұлттық тағамдардан дәм татты. Фестиваль барысында алуан түрлі ақпараттық-имидждік материалдар таратылды. Қазақстанның мәдениетіне арналған стенд көпшілік тарапынан жоғары бағаға ие болды. Норвегиялықтардың көпшілігі Қазақстанға баруға қызығушылық танытты. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар