Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 Өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі.
Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті 2015 жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын жариялайды.
Ол 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық); екінші кезең – облыстық; үшінші кезең – республикалық.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) әкімдіктерге 2015 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін беріледі.
Толық ақпаратты www.kaztube.kz сайтынан алуға болады.