• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2015

Қазақстан футболдан әлем чемпионатын өткізуден үмітті

466 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 сәуір. Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Ресейге жасаған іссапарында ФИФА президенті Йозеф Блаттермен кездесті. Сондай-ақ, Ресей ақпарат құралдарына сұхбат беріп, Қазақстанның футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына үміткер ретінде қатысуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» хабарлады. Аталған басылымға берген сұхбатында ол: «Алдағы уақытта әлем чемпионатын өткізу үшін таласқа түсу жоспарымызда бар. Қазір осы мақсатта ел басшыларымен ақылдасып, өз мүмкіндігімізді саралап жатырмыз. Еліміздің даму қарқыны өте жоғары, экономикамыз да тұрақты түрде алға жылжып келеді. Ендеше неге таласып көрмеске? Біз 2022 жылы қысқы Олимпиаданы өткізгіміз келеді. Ал одан кейінгі жоспарда 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тұр», – деді. Сонымен қатар Ерлан Тоқтарханұлы футбол федерациясының бүгінгі бюджетін де жариялады. Бұл жөнінде ол: «Қазір біздің федерацияның бюджеті шамамен 10 миллион еуроны құрайды. Оның ішінде өзіміздің және УЕФА беретін қаржы да бар», – деді. Одан бөлек, Федерация президенті қазақ футболының УЕФА-ға мүше болуына тоқталып: «Футболымыздың Еуропаға қосылғанына еш өкінбейміз. Бұл отандық футболшылардың кәсіби деңгейде өсуіне мол мүмкіндік береді. УЕФА бізге өте көп көмек көрсетіп отыр» – деді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: «Спорт-Экспресс».