• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2015

Атырауда 7 айда 3,4 млрд. теңгенің мүлігі заңдастырылды

235 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 1 сәуір. Атырауда былтырғы қыркүйектен бергі 7 айда 3,4 млрд. теңгенің 479 мүлігі заңдастырылды.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мүлікті жария ету акциясы басталғаннан кейін жария ету комиссияларына тұрғындардан 619 нысанды заңдастыру мақсатында 476 өтініш түсіпті. Атырау облыстық қаржы басқармасының бөлім басшысы Бақтыгерей Жақсығалиевтің айтуынша, бұл нысандар 5,1 млрд. теңгеге бағаланған. Алайда, өтініштерде көрсетілген нысандардың арасынан тек 3,4 млрд. теңгенің 479 мүлігі ғана заңдастырылыпты. «Комиссиялар шешімімен 478,2 млн. теңгенің 37 мүлігін заңдастырудан бас тартылды. Бұған қажетті құжаттарды толық және дұрыс жинақтамау себеп болып отыр. Қазіргі уақытта 1,2 млн. теңгеге бағаланған 103 мүлікті заңдастыруға берілген 61 өтініш қаралуда», дейді Б.Жақсығалиев. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.