АСТАНА. 1 сәуір. Болгарияда Ресейден барған әйел мен оның 5 жасар баласын өлтіргендер іздестірліп жатыр. Бұл туралы НТВ телеарнасы хабарлады.
Ресейлік Анна Леонтьева есімді 35 жастағы келіншек пен оның Никита атты 5 жасар ұлының мәйіттері көл жағасынан табылған. Тергеу анықтағандай, әлдекімдер баланы пышақтап өлтіріп, денесін шабадан ішіне салып қойған. Қайғылы оқиғаны зерттеуге қазір Интерпол да қосылды. Тергеу комитеті де қылмыстық іс қозғады.
Ресейлік жас келіншек пен оның ұлының айуандықпен өлтірілуі бүкіл Болгарияны дүр сілкіндірді. Бұл іспен бірден бірнеше елдің құқық қорғау органдары айналысып кетті. Ресей мен Болгария тергеушілері әйел мен баланың неге бұлайша қатыгездікпен өлтірілгенін түсіну үшін кез келген деректі електен өткізуде.
«Белгілі болған факт естіген адамды есінен тандырып жатыр», - деп атап өтті НТВ. Болгарияның танымал курорттарының бірінше нағыз үрей орнапты. Жұрт бұл қылмысты маньяктың қолынан келген деп қорқып отыр.
Мамандар да мұндай қылмысты ақыл-есі дұрыс адам жасамайды деген тұжырымды көбірек ұстануда. Себебі, әйел тек өлтіріліп қоя салмапты, оның денесі боршаланып тасталыпты. Ал оның аяусыз ұрып-соғылып, пышақталып өлтірілген ұлының денесі шабаданға салынып, көл жағасына апарылып тасталған.
Тергеушілер қылмысты істі зерттеу барысында мұнда sex қызметінің ізі бар-жоғын да байырқалап көрді. Бірақ мұның алдында жас келіншекті көргендер оның мұндай тірлікке баруы мүмкін емес екенін айтып отыр.
Осы кезде журналистер де өздерінің зерттеу жұмыстарын жүргізіп көріпті. Олар Анна мен оның ұлы Никитаның соңғы кездері Софияның ең қымбат махаллаларының бірінде тұрып келгенін анықтаған. Жергілікті тұрғындар олармен бір ер кісінің бірге жүргенін де байқаған. Сондай-ақ қымбат пәтердің Леонтьевтерге емес, ресейлік бизнесмен Герман Костинге тиесілі екені белгілі болған.
Бірқатар мәліметтерге қарағанда, тап осы кісі Аннаның көңілдесі болғанға ұқсайды. Бұл істегі басты күдік те енді соған ауып отыр. Полиция сондықтан бірден соны іздеуге кіріскен. Бірақ бизнесмен із-түзсіз жоғалып кеткен. Сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.
Жергілікті баспасөзде бұдан да басқа версия бар. Болгар журналистері аналы-балалы екеуді Кавказдан келген біреулер өлтірген деп есептейді. Олар мұны өлерінен шамалы уақыт бұрын Анна Леонтьеваның тұрғын үй сатып алу үшін «күмәнді мұғаджырлардан» қарызға ақша алуымен, бірақ оны уақытында қайтара алмауымен байланыстырады.
Осы іске байланысты тексеру жалғасып жатыр. Қазір тергеу органдарды оның қызғаныш немесе ақшаға қатысты екі мәселенің бірі бойынша жасалған болуы мүмкін екенін алға тартып отыр.
Мұрат Айтқожа.
Мәнбе, сурет: НТВ.