АСТАНА. 1 сәуір. Шығыс Қазақстан облысында жас жігіт Наурыз мерекесі атап өтіліп жатқан кезде әткеншек үстінде сальто жасаймын деп, асфальтқа басымен құлап, мерт болды. Бұл туралы nur.kz хабарлады.
Оқиға Глубоков ауданы Бобровка ауылында орын алған. Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, 20 жастағы жігіт көрермендерге «сальто» жасап көрсеткісі келген. Оның бірінші әрекеті сәтті шыққанымен, өнерін екінші мәрте қайталау барысында құлап, басынан қатты соққы алған.
Жігітке алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, ол араға бірнеше күн салып, ауруханада қайтыс болды.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет; nur.kz.