• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2015

Елбасына арналған кітаптың Мәскеудегі тұсаукесері

405 рет
көрсетілді

Кеше Мәскеуде, нақтылай айтқанда, Ресей Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік қабылдау үйінде орыс жазушысы Сергей Плехановтың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жазған «Жібектей есілмеген жол» («Не щелковый путь») атты кітабының тұсаукесері өтті. ХІХ ғасырда тұрғызылған, Мәскеудегі тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі саналатын зәулім сарайда ұйымдастырылған бұл салтанатты шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Елбасының өмір жолына арналған кітаптың тұсау­кесер рәсімінде Нұрсұлтан Наза­р­баевтың тұлғалық қасиеттеріне қатысты көңіл толқытар, талайға ой салар әңгімелер айтылды. Сондай-ақ, еңбекті жазу барысында автордың талмай, аянбай тер төккені, кейіпкерін сомдарда адалдықтан аттамай, шындықты ту етіп ұстай білгені де кеңінен сөз етілді. Тарата айтар болсақ, айтулы жиынға арнайы қатысқан Ре­сей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақ­стан Президентіне деген ыстық ықы­ласқа толы лебізін білдіре келіп, «Жібектей есілмеген жол» кіта­бының маңыздылығына, жазу­шының өз кейіпкерінің болмыс-бітімін, сан-салалы еңбегін, қайраткерлік қасиетін, өз елін өрге сүйреуде табандылық көрсетіп келе жатқанын, қарым-қабілетін, ерік-жігерін, адами жан дүниесін көркем тілмен жеткізе білгеніне тоқталды. Сондай-ақ, жиынға қатыс­қандар арасында Ресей Жазу­шы­лар одағы Мәскеу қалалық басқармасының төрағасы, Жа­зу­шылардың халықаралық қауым­дас­тығы атқару комитетінің бірін­ші хатшысы Владимир Боя­ри­нов, М.В.Ломоносов атындағы Мәс­кеу мемлекеттік универ­ситеті­нің ректоры Виктор Садов­ничий, КСРО-ның халық әртісі Армен Джи­гарханян, Әзербайжан КСР-інің ха­лық әртісі, аталған республи­каның Ресейдегі елшісі Полад Бюль­бюльоғлы, белгілі саясаттанушы Максим Шевченко, Қазақстанның Ресей­дегі елшісі Марат Тәжин, «Назарбаев орталығы» көпсала­лы ғылыми-талдау және гумани­тар­лық-ағарту мемлекеттік мекеме­сінің директоры Қанат Сауда­баев және тағы басқалар Нұрсұл­тан Назарбаев жөнінде және «Жі­бектей есілмеген жол» кітабына қа­тысты өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында барлық қаты­сушылар Елбасына арналған ерен еңбек – «Жібектей есілмеген жол» кітабы қалың оқырманның сүйіп оқитын дүниесіне айналатынына сенім білдірді. Өйткені, әлемдік дең­гейдегі тұлға – Нұрсұлтан Назар­баевтың өмір жолынан алар үлгі-өнеге мол екенін талайлар біледі. Айта кетейік, біз Мәскеудегі аталған жиын Астана уақыты­мен өте кеш өткендіктен, ол тура­лы қысқаша баяндадық. Бұл ту­ра­лы кеңінен жазылған ма­қа­ла­ны ертең оқитын боласыздар. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан» – Мәскеуден.