• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2015

Елбасы төңірегіне топтасайық

237 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар кезектен тыс президенттік сайлаудың мән-мағынасын осылай бағалауда

*Президент поштасынан – дейді Мемлекет басшысының сайлауға түсуін қалайтынын айтып хат жазған қазақстандықтар Президент сайлауын өткізу туралы шешімге қолдау білдірген және Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылуын өтінген хаттар мен жеделхаттар әлі де көптеп келіп жатыр, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының атына еңбек ұжымдарынан, белгілі спортшылардан, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінен, сондай-ақ, елдің түрлі өңіріндегі тұрғындардан Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы президенттік сайлауға қатысуын өтінген хаттар легі әлі жалғасуда. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ мен «Alageum Electric» электротехникалық холдингінің еңбек ұжымы президенттік сайлау­ды өткізу туралы шешімге бірауыздан қолдау білдірген және Мемлекет басшысының сайлауға қатысуын өтінген. «Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім мандаты елді жүйелі дамыту мен өркендету үшін жоспарланған барлық ауқымды шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – делінген хатта. «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ жұмыскерлері Қазақстан тәуелсіздік жылдары Президенттің көреген саясаты арқылы өтпелі кезеңдегі қалыптасудың барлық қиындықтарын еңсергенін, этнос­аралық келісімді сақтағанын және халықаралық аренада лайықты орын иеленгенін атап өткен. «Сіз еңбек жолыңызды Қара­ғанды металлургиялық комбинатында бастау арқылы Қазақстанның тау-кен металлургиялық саласын қалыптастырудың бастауында тұрдыңыз. Қауымдастықтың және барлық мүше-кәсіпорындардың атынан Сіздің кандидатураңыздың ұсынылуын сұраймыз, өйткені, біз Сізді еліміздің лайықты Көш­басшысы санаймыз», – деп жазады авторлар. Батыс Қазақстан облысы кә­сіпкерлер палатасының өкілдері елге мемлекеттің қарқынды дамуын қоғамдағы татулық пен келісімді сақтай отырып қамтамасыз етуге қабілетті дана басшы керек екенін атап өткен. «Біздің аспанымыз ашық, алаң­сыз жұмыс істейміз, бизнесті дамытып, балаларымызды өсірудеміз. Болашаққа жоспар құра аламыз. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның Сіз­дің басшылығыңызбен жеткен ең басты жетістігі. Сіздің ілге­рішіл басшы ретіндегі көпжыл­дық тәжірибеңіз елдің әрі қарай өркендеуінің, тұрақтылық пен халық бірлігін сақтаудың кепі­лі. Осыған байланысты Сізден Қазақстан Республикасы Прези­дентін алдағы сайлауда канди­датураңыздың ұсынылуын сұ­раймыз», – делінген хатта. «Премьера» тұрғын үй-құ­ры­лыс кооперативінің ұжымы өз атынан және Алматы қаласының Наурызбай ауданының тұрғындары атынан Президентке өтініш жолдап, Елбасы кандидатурасының ал­дағы сайлауда ұсынылуын сұрайды. «Қазір Сіздің арқаңызда қазақ­стандықтардың ертеңгі күнге деген сенімі мен Сіздің бағдарыңыз дұрыс екенін сезіну бар. Тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастырудағы Сіз қабылдаған шаралардың бар­лығы халықтың мұң-мұқтажын жақ­сы білетініңізді көрсетеді. Қуат­ты көшбасшының арқасында ғана Қазақстан халықаралық аре­на­да беделге және әлемдік держа­валардың құрметіне ие болды. Біз Сіз секілді адаммен бір уақыт­та өмір сүріп жатқанымызға мақ­танамыз», – деп жазады авторлар. Қызылорда облысы Қармақшы ауданынан «Тұрмағамбет» ЖШС ұжымы мемлекет кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп отырғанын айрық­ша атап өткен. «Сіз жариялаған «Нұрлы Жол» бағдарламасы елдің әл-ауқатын көтеру үшін жасалған маңызды қа­дам екеніне сенімдіміз. Біз тәуел­сіз Қазақстанды Сізбен бірге нығайт­қымыз келеді», – делінген хатта. «Isker Company» ЖШС еңбек ұжымы Президенттің көпэтносты Қазақстан халқының бірлігін ны­ғайтуға бағытталған қызметін толық қолдайтынын айтқан. «Біз Сізге сенеміз, сондай-ақ, өркендеу, татулық және жалпы­адамзаттық құндылықтар салтанат құратын жолды таңдай­мыз. Қауіпсіздік және қазақстан­дықтардың әл-ауқатын жақсарту республикамызды дамытудың басымды бағыттары болып саналады. Сондықтан, Сіздің сайлауға түсуіңізді сұраймыз. Сізбен бірге Қазақстан міндетте түрде табысқа жетеді және әлемнің экономикалық тұрғыдан ең дамыған 30 елінің қатарына кіреді», – деп жазады авторлар. Қаскелең қаласындағы «Хам­ле Компания Лтд.» ЖШС жұмыс­керлері Мемлекет басшысының жұмсаған күш-жігерінің арқасында елде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқанын айтады. «Қазақстанның жарқын бола­шаққа қажетті зор әлеуеті бар, сол себепті де біз президенттік сай­лаудың өткенін қолдаймыз және нақ Сіздің кандидатураңыздың ұсынылғанын қалаймыз», – де­лінген хатта. «Алматыкiтап баспасы» ЖШС жұмыскерлері Нұрсұлтан Назар­баевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістікте экономикалық дамудағы көшбасшы ғана емес, әлемдік аренадағы салмақты саяси ойыншыға да айналғанын атап өткен. «Біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірген өз елімізді мақтан тұтамыз. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің де қатарына кіретініне сенімдіміз. Қазақстанның болашағы үшін, балаларымыз мен немерелеріміздің болашағы үшін алдағы сайлауда Сіздің кандидатураңыздың ұсынылуын сұраймыз. Біздің ұжым Сіз қабылдаған шешімді қолдайды», – деп жазады авторлар. «БН-А» ЖШС көпұлтты ұжы­мы қазір барлық адами ресурстарды «Нұрлы Жол» Жолдауында қойылған мақсаттарға жету үшін жұмылдыру керектігіне тоқталған. «Біздің кәсіпорынның жұмыс­шылары алдағы президенттік сайлау қоғамды ұйыстырып, жүректерімізге ертеңгі күнге деген сенім ұялататынына бек сенімді. Біз қуатты әрі бірегей Қазақстанды таңдаймыз», – делінген хатта. «Қазақстан Республикасының ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері уақыт талабынан туындаған президенттік сайлау өткізу туралы шешімді толығымен қолдайтынын айтады. «Мемлекет басшысы ай­қындаған жолдың дұрыстығын сезіне отырып, біз Тұңғыш Президентіміз ғана елді алдағы қиындықтардан абыроймен алып өтетініне сенімдіміз. Сізден өз кандидатураңыздың алдағы сайлау­да ұсынылуын сұраймыз», – деп жазады авторлар. «Асар» республикалық қо­ғамдық бірлестігінің өкілдері де Мемлекет басшысының саясатына қолдау білдіреді және оның сайлауға түскенін қалайды. «Мүгедектер және әлеуметтік бейімделу қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Мемлекет басшысына мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіліп отырған қолдау шаралары үшін алғыс айтқан және Елбасының басшы­лығымен Қазақстан халқы барлық мақсаттарына жете алатынын атап өткен. «Сізден сайлауға түсуіңізді сұраймыз. Біздің әрқайсымыз Сізге дауыс беретін боламыз», – делінген хатта. «Көмек» ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа ардагерлерге ұдайы көңіл бөліп, қам­қорлық танытып отырғаны үшін алғыс білдіріп, Елбасын ел пре­зи­денті лауазымына үміткерлер қата­рынан көргісі келетіндерін айтқан. «Тәуелсіз Қазақстан мен оның халқының игілігі үшін істеп жатқан қажырлы еңбегіңізді бәрі біледі. Сіз ел тарихының және жаңа аста­насының жаңа бетін аштыңыз. Рес­публикамызда татулық пен келі­сім болсын, халқымыздың игі­лігі арта берсін. Ал оның кепілі – Сіз. Біз елімізге, қарттығымызға алаң­да­май­мыз. Алдағы уақытта да солай бола берсін», – деп жазады авторлар. Өз тілектерін білім беру саласы қызметкерлері де жолдады. Мә­селен, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің про­фессорлық-оқытушылар ұжы­мы мен студенттері ел президенті сайлауын өткізу стратегиялық бағдарламаларды табысты іске асыруға септігін тигізетініне назар аударған. Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің оқы­ту­шылары мен студент жас­тары Мемлекет басшысының басшылығымен еліміз әлемдік экономикадағы күрделі жағдайға байланысты қиындықтарды табысты еңсеретінін айтады. Осыған орай авторлар Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы алдағы президенттік сайлауда ұсынылса деген өтінішін жеткізген. Қаскелең гуманитарлық-тех­никалық колледжінің ұжы­мы Мемлекет басшысына «Қазақстан-2050» Стратегиясын және «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру үшін сенім мандатын беру қажет деп санайды. «Біз – тұрақтылық пен өсіп-өркендеу, өскелең ұрпақтың алаңсыз болашағы жағындамыз. Біз үшін Сіз сияқты Елбасының басшылығында болу мәртебе болып саналады. Сондықтан біз Сізден президенттік сайлауға қа­ты­суыңызды өтінеміз», – делінген хатта. И.Әбдікәрімов атындағы Қы­зылорда аграрлық-техникалық колледжінің педагогикалық ұжы­мы да Президент сайлауын өткізу туралы шешімді қолдайтынын мәлімдеп, оған Нұрсұлтан На­зарбаевтың қатысуы жөнінде өтініш айтады және ол үшін өз дау­ыс­тарын беруге әзір екендігін білдіреді. Алматы облысы Қарасай ау­да­нының түрлі мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары Мем­лекет басшысының тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына, оның халқының әл-ауқатын арттыруға қосқан үлесін атап өткен. Авторлар Нұрсұлтан Назар­баевтың президенттік сайлауға қатысуын өтініпті. Алматы облысы Қарасай ауда­нының медицина қызметкерлері де көшбасшының басшылығымен еліміз даму жолында батыл қадам басып келе жатқанын айтады. «Президент сайлауын өткізуді бірауыздан қолдай отырып, Сізден халықтың кең қолдауына ие көшбасшы ретінде оған қатысуды өтінеміз», – деп жазады авторлар. Мәдениет саласы өкілдері де өз хаттарын жолдады. Атап айтқанда, Орыс халық әні театрының көркемдік жетекшісі М.Гранова Мемлекет басшысымен бірге еліміз барлық қиындықты еңсере алатынына сенімін білдірген. «Біздің әрқайсымыз шын жү­регімізбен Сізді қолдаймыз, да­налық үшін, еліміздегі бей­бітшілік пен келісім үшін алғыс айтамыз. Мемлекетіміздің басында Сізді ғана елестете аламыз, сондықтан алдағы сайлауға қатысуыңызды өтінеміз», – делінген хатта. Н.Бекежанов атындағы Қызыл­орда облыстық қазақ музыкалық-драмалық театрының ұжымы Мемлекет басшысы ұстанып отыр­ған бағытты қолдайтындары туралы мәлімдейді. Алматы қаласынан композитор Б.Жұманиязов пен кинотанушы Г.Көбек, Қызылорда қаласынан Қа­зақстан Республикасының ең­бек сіңірген қайраткері Е.Уәйіс Мемлекет басшысына қол­дау лебіздерін айтып, оған Қазақ­стан­ның жан-жақты дамуына бағыт­талған күш-жігері үшін риза­шылық білдіреді. Қарағанды қаласындағы «Шахтер» клубы футболшыла­ры Нұрсұлтан Назарбаевты ал­дағы сайлауда өз кандидатурасын ұсынуға шақыра отырып, Мем­лекет басшысының арқасында Қазақстан егемендік алудан қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге дейінгі байыпты жолдан өткенін айтқан. «Сіздің есіміңізбен Отаны­мыздың тәуелсіздігі тұғырының нығаюындағы ең жарқын жайттар байланысты. Біз Сізбен бірге ғана Қазақстан алға қарыштай ілгерілеп, көзделген барлық мақсатқа жететініне сенімдіміз. Сіз тікелей қатысқан жағдайда ғана еліміз жедел қарқынмен алға қойылған мақсаттарға қарай жылжи алады. Қазақстан халқы Сізге сенеді», – деп жазады авторлар. Мемлекет басшысының бір топ сыныптасы «Нұрлы Жол» бағдарламасының тиімді іске асырылуы тек Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен ғана мүмкін екеніне сенім білдірген. «Осыған байланысты Сізден алдағы сайлауға түсуді өтінеміз. Ел көшбасшысы ретінде Сізбен бірге біз әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосыла аламыз деп сенеміз», – делінген хатта. Қарағанды облысы Абай қаласының бір топ тұрғыны ел президентінің алдағы сайлауының тағдыршешті маңызына тоқталып өткен. «Қазақстандықтардың сан мың­даған хатына біз де өз үні­мізді қосқымыз келеді. Сізден осы сайлауға міндетті түрде қаты­суыңызды сұраймыз. Біз 2015 жылға тұрақтылық сезімімен, бірлесе атқару қажет зор міндет­терді сезіне отырып қадам бас­тық. Біз Президент сайлауында біртұтас отбасы ретінде бой көр­сетіп, Сізбен бірге қуатты, қарыш­ты, заманауи мемлекет құру жо­лында еңбек етуге, ортақ тағдыр жолында өмір сүріп, ортақ болаша­ғымызды өз қолымызбен жасау­ға әзірміз. Сіздің есіміңізбен біз Қазақстанның гүлденуін байланыстырамыз. Біздің даусымыз бен жүрегіміз Сізбен бірге», – деп жазады авторлар. Алматы облысы Қарасай ау­да­нындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Ү.Тастанбекұлы Қазақ­станның гүлденуіне бағытталған шаралардың табысты жалғасуы үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы Президент сайлауына қа­тысуының маңыздылығын айтады. Алматы облысы Үшқоңыр ауы­лында тұратын Ұлы Отан соғы­сының ардагері В.Шустов елі­міздегі бейбітшілік пен өркендеу Қазақстан Президентінің еңбегі екенін атап өткен. «Мен өз ауылымның көнекөз тұрғыны ретінде алдағы сайлаудан Сіздің кандидатураңызды көремін және қолдаймын. Сіз лайықты адамсыз. Көзделген мақсаттарды іске асыру оңай шаруа емес. Бар­лық істі аяғына дейін Сіз ғана жет­кізе алады деп есептеймін», – делінген хатта. Ақтөбе қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Л.Чичаева Мемлекет басшысының қысқа мерзімде өз еңбегі және сындарлы саясаты арқылы Қазақстанды берекелі және бүкіл әлемге белгілі елге айналдыра алғанын атап өткен. «Сіз ғана Қазақстанды өсіп-өркендеген ел, ал халықты бақытты ете аласыз. Сіз – жаһандық және бәрін қамтитын идеялардың ел игілігі жолында күні-түні жұмыс істейтін ең қуатты генераторысыз», – деп жазады автор. Қызылорда қаласындағы «Сыр медиа» ЖШС бас директоры А.Оңғарбаев өңірдің журналистер қоғамдастығы атынан Мемлекет басшысы төңірегіне топтасуға әзір екендіктерін білдіре келіп, оны Президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынуға шақырады. Жамбыл облысы Ақбұлым ауылының тұрғыны С.Тоқбаев ауыл тұрғындарының табыстары туралы айта келіп, Мемлекет басшысының бастамаларын нақты іспен қолдауға дайын екенін атап көрсеткен. Президенттік сайлау өткізу туралы шешімді қолдаған авторлар Мемлекет басшысын сайлауға түсуге шақырған. Талдықорған қаласының тұр­ғыны Т. Байбұқашева қаладағы бар­лық аналардың атынан прези­денттік сайлау өткізу туралы ше­шімді қолдайтынын және сайлауға Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп үміттенетінін жеткізген. Екібастұз қаласының тұрғыны М.Каримов Мемлекет басшысының президенттік сайлауға қатысуы маңызды екенін атай отырып, өз дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа беруге дайын екенін мәлімдеген. Алматы облысының Қа­расай ауданының тұрғыны А.Бек­­баева, Астана қаласынан Е.Әмір­­ғалиев, Көкшетау қаласы­нан Е.Құрманғалиұлы ел эконо­микасының өсімінен, халықтың әл-ауқатының артуынан байқалып отырған жетістіктерге тоқталған. Осыған байланысты авторлар Мемлекет басшысы Президент сайлауына қатысуы тиіс деп санайтындарын айтқан. Көкшетау қаласындағы №1 орта мектептің 8-сынып оқушысы Т.Бапхоева Мемлекет басшысының кандидатурасы ұсынылуын өтініп, хат жазған. «Мен президенттік сайлауда дауыс беруге әлі қатыса алмаймын, бірақ Қазақстанда тыныштық пен тұрақтылық болғанын қалаймын. Сіз басқарған Қазақстан ғана бұдан әрі де табысқа жетіп, өркендей алады. Елдегі татулық пен бақ-берекенің кепілі Сіз ғана бола аласыз», – делінген хатта. Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің кезектен тыс сайлауын тағайындауға байланысты келіп жатқан хаттар легі жалғасуда.