• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2015

АҚШ сенаторлары Ресейге қарсы ФИФА-ға хат жолдады

222 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 сәуір. АҚШ сенаторлары футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының Ресейде өтуіне қарсылық білдіріп, ФИФА-ға хат жолдады. Олардың мұндай қадамға баруына Украинадағы жағдай мен Қырым мәселесі себеп болған. Бұл туралы championat.com хабарлады. ФИФА президенті Йозеф Блаттердің атына жазылған хатта: «Ресейдің әлем чемпионатын өткізуі президент Владимир Путиннің режимін одан сайын күшейте түседі. Ал шын мәнінде ол қазір өз істеріне жауап беруі тиіс», – делінген. Хатқа 13 сенатор қол қойған. Олардың арасында АҚШ президенттігіне үміткер болған Джон Маккейн де бар. Хаттың бір көшірмесі АҚШ футбол федерациясына да жіберілген. Айта кетейік, аталған әлем чемпионаты Ресейде 2018 жылдың 14 маусымы мен 15 шілдесі аралығында өтеді деп жоспарлануда. Доп додасы Ресейдің 11 қаласында өтпек. Солтүстік көршіміздің әлемдік мундиальды өткізетіні 2010 жылдың желтоқсан айында белгілі болды. Еламан Қоңыр. Дерек: championat.com. Сурет: twitter.com.