• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2015

Батыс Қазақстанда ауыл жолдары республикалық мәртебе алмақ

271 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 21 мамыр. Батыс Қазақстанда облыс орталығынан ең алыс жатқан Бөкей орда мен Жәнібек аудандарына жеткізетін тас жолдар республикалық маңызға ие болмақ. Нақты айтсақ, аудан орталықтары Сайхын мен Жәнібекке жеткізетін автожолдар республикалық бюджеттің балансына көшіріледі. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Батыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әскербек Жақсығұловтың айтуынша, бұл шалғай өңірде орналасқан тас жолдарды жөндеу ісін қаржыландыруды жеңілдету мақсатынан туындап отыр. «Биылғы жылы облыс орталығынан Жаңақала ауданының орталығына дейінгі автожолға жергілікті бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізілді. Әрі қарай Жаңақала мен Сайхынның аралығында 250 шақырымға созылып жатқан жайдақ жол бар. Оны жөндеу үшін мол қаражат керек. Ондай қаржының жергілікті бюджеттен табыла қоюы екіталай. Сондықтан осы жолды орталыққа беру жұмыстары жүргізілуде. Егер бұл аралық республикалық маңызға ие болса, оны орталықтан қаржыландыруға заңды негіз қаланбақ», – дейді басқарма басшысының орынбасары. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: mgorod.kz.