• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2015

Петропавлда 85 жастағы кейуананың үйі апатты жағдайда тұр

296 рет
көрсетілді

Петропавл. 2 сәуір.  Көзін тырнап ашқаннан облыс орталығында тұрып келе жатқан  Ахметшина Ғайникамал әжей  құлағалы тұрған баспана басып қала деп әр таңын  ұйқысыз атырып келеді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Тыл еңбеккері 85 жаста. Су тасып, от жағудан қалған. Өзге түгіл өзіне қарайлайтын шамасы жоқ: дімкәс. Таныстары анда-санда қарайласып тұрады. Қартайғанда ешкімге керексіз болып қалғаным ба деп налығанда етегі жасқа толады. Бәрінен де қатты қинайтыны– баспананың апатты жағдайда тұрғаны.  Былтыр үйдің жартысы өртеніп кетіпті. Көрші-қолаң асарлап, жамап-жасқап бергенімен, қыста ит байласа тұрғысыз , суық.  Осыдан  ширек ғасырға жуық құдай қосқан қосағы қайтыс болғаннан бері жалғыздықтың  тауқыметін тартып келеді. «Аяғын әрең басады, көзі көруден қалды.  Қала басшылары  қарияның қазіргі ауыр жағдайын ескеріп, жылуы, суы бар уақытша пәтер беруін өтінеміз»,– дейді туысындай болып кеткен көршісі Надежда Архипова. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Әлима Бекназарова Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында  мерекелік медаль, 25 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілетінін, ас-суына қарайласатын күтуші тағайындалатынын жеткізгенімен, баспана жайлы тіс жармайды. Ғайнижамал апай бар ғұмырын еңбекпен өткізген. Тың игеру жылдары вагонға  астық тиеген, жүк тасымалдаған. Зейнетақысы–30 мың теңге ғана.  Қарттар үйіне баруға үзілді-кесілді қарсы. Бар арманы–құрқылтайдың ұясындай ғана жылы орын . Басқа ештеңе дәметпейді. Өмір Есқали. Дереккөз: КТК арнасы. Сурет: egemen.kz