АСТАНА. 21 мамыр. Қытайдың Наньчан қаласында адам айтса, сенгісіз оқиға болды. Жергілікті интернет-кафелердің бірінде компьютер ойындарына құмар әйел ойнап отырып, босанып қалды. Ең сорақысы, өздігінен босанған ойынқұмар ана нәрестесін еденге қоя салып, сүйікті ойынын әрі қарай жалғастырған. Бұл туралы Қытай ақпарат құралдарына сілтеме жасап, newsru.com хабарлады.
Интернет-кафеге келушілердің бірі шыңғырған әйелдің даусын естіп, қасына барғанда жаға ұстатар жайтқа куә болды. Ол 24 жастағы жаңа босанған әйелге суға шомылып алуға кеңес береді. Алайда, келіншек алдымен онлайн-ойынын аяқтап алғысы келетінін айтқан.
Бұл жайтқа қайран қалған куәгерлер сәбиді жөргекке орап, жедел жәрдем шақыртты. Кейін жауапсыз ананың отбасына ренжіп, үйінен кетіп қалғаны белгілі болды. Досының үйіне бармақ болған ол әмиянын жоғалтып алған. Соған байланысты досын ойынханада күтпек болған.
Болған жайттан хабар алған қыздың ата-анасы мен сәбидің әкесі ана мен бала орналастырылған ауруханаға келген.
Еламан Қоңыр.
Дерек: newsru.com.
Сурет: muz4in.net.