• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2015

Өскеменде баспасөзге жазылушылар күні өтті (фото)

268 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 21 мамыр. Шығыс өңірінде «Баспасөзге жазылушылар күні» акциясының салтанатты ашылуы өтті. Бұл күні сағат 10.00-ден бастап газет-журналға жазылған әр адам сыйлық пен жеңілдікке ие болды. Енді олар өздерінің көңілі қалаған газеті мен журналдарын тұрақты түрде алып, оқып тұратын болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шығыс Қазақстан аумағында таралатын республикалық, облыстық және қалалық газеттер өңір тұрғындары арасында кеңінен сұранысқа ие. Мұны Александр Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен шараға қатысушылар қатарының молдығынан аңғаруға болады. «Қазпошта» қызметкерлері мерзімді баспасөзге жазылушы ескі де жаңа достарды түрлі сыйлықтармен, жеңілдіктермен марапаттады. Олардың ішінде еліміздің бас басылым – «Егемен Қазақстан» республикалық газетіне жазылушылар да бар. Акция барысында облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Ернұр Бурахан: «Мерзімді баспасөздің әлемде, ел ішінде, өңірде болып жатқан оқиғалар туралы шынайы, жан-жақты ақпаратпен қамтудағы рөлі зор. Қазіргі уақытта электронды ақпарат көздерінің көптігіне қарамастан, оқылымды газет пен журналдың маңызы әрқашан жоғары. Сондықтан өңіріміздің тұрғындары арасында да газет-журналға деген сұраныс азаймайтынына сенеміз», – деді. Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда 102 мерзімді баспасөз облыс халқын ақпаратпен қамтамасыз етуде. Олардың әрқайсысының онлайн нұсқалары бар. Мерзімді баспасөзге екінші жартыжылдыққа жазылуға арналған жеңілдіктер 20 мамырдан 23 мамырға дейін барлық пошта бөлімшелерінде жалғасады. Думан Анаш. Дерек: egemen.kz. Сурет: Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығы.
Соңғы жаңалықтар