АСТАНА. 2 сәуір. Ұлыбритания патшайымы, 88 жастағы Елизавета ІІ король отбасына келетін сыйлықтарға разы емес. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады.
Патшайымға келген соңғы сыйлықтардың ішінде тарақ пен бұлақ суы құйылған құтылар бар. Десе де, Елизавета ІІ өзіне дейінгі патша мен патшайымдарға берілген сыйлықтар әлдеқайда құнды болғанын айтады.
Таяуда тақ иегері Виндзордағы кітапханаға барды. Ол жерде король отбасына тиісті құжаттарды нөмірлеу жобасының ашылуына қатысты. Георг І, Георг ІІ, Георг ІІІ, Георг ІV және Вильгельм IV кезіндегі кітаптар мен хаттарды оқып, парақтап көрген Елизавета ІІ бұл құжаттардың құндылығына назар аударды. Король отбасына 1812 жылы Парсы шахы сыйлаған өлеңдер жинағын қолына алған ол: «Енді сіздерге мынадай сыйлықтар ешқашан келмейді», – деді. Бұл кітаптар мен хаттар осыған дейін Патша сарайының жертөлесінде сақталып келгенін айта кетейік. Сондай-ақ, бұл күні Парсы шахы сыйлаған кітапты Патшайым алғаш рет қолына ұстады.
Нөмірлеу жобасы кезінде 350 мың бетті тіркеуге алу жоспарланған. Кейін тарихи құжаттар зерттеушілердің назарына ұсынылмақ. Жобаның басты мақсаты – Георг әулеті кезіндегі Ұлыбритания туралы теріс пікір мен көзқарасты оң бағытта өзгерту. Бүгінгі күнге дейін король отбасына тиесілі барлық мәліметтің тек 15 пайызы ғана жарияланған екен.
Еламан Қоңыр.
Дерек: gazeta.ru.
Сурет: twitter.com.