• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2015

Қызылордалық маман еңбек сіңірген жаттықтырушы атанды

364 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 сәуір. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовтың бұйрығымен Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тумасы Болатбек Кенеевке қазақ күресінен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Болатбек Жақсылықұлы ұзақ жыл шәкірт тәрбиелеп, ұлттық спортымыздың дамуына сүбелі үлес қосқан білікті маман. Сондай-ақ, қазақ күресінен әлем чемпионы Ғалымжан Әбдірахмановтың жеке жаттықтырушысы екенін айта кетейік. Бүгінде ол Қызылорда облыстық спортта дарынды балаларға арналған Ж.Баһадүр атындағы мектеп-интернатында қызмет істейді. Қазақ балаларын спортқа баулыған ол әлі талай әлем чемпионын шығарсам дейді. Шын талантты ауылдан іздеп, өңір спортының өркендеуіне еңбек етіп жүрген жаттықтырушыға алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: egemen.kz.