• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
22 Мамыр, 2015

Қазақстан Республикасы Мә­де­ниет және спорт министрлігі «Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК директорының бос лауазым орнына конкурс жариялайды

376 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Мә­де­ниет және спорт министрлігі «Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК директорының бос лауазым орнына конкурс жариялайды Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптар: Жоғары кәсіптік білім мен мәдениет және өнер мекемелеріндегі немесе мәдениетті басқару органдарындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес. Конкурсқа қатысу үшін ұсыны­латын қажетті құжаттардың тізімі: 1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке куәліктің көшірмесі; 3) толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетіп); 4) бiлiмi туралы құжаттардың кө­шiрмелерi; 5) еңбек қызметін растайтын құ­жаттың көшiрмесi; 6) алдын ала медициналық куә­ландырудан өткені туралы құжат; 7) кандидаттардың кәсіби деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты өзге де құжаттар, оның ішінде біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, шет тілін меңгеру деңгейін айқындайтын кәсіби емтихан нәтижелері туралы сертификаттардың көшірмелері. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау жарияланған сәтінен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 314-кабинет мекенжайы бойынша  қабылданады. Толық  ақпаратты 8 (7172) 74 01 27 телефоны бойынша алуға болады.