• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
28 Шілде, 2010

Омбудсмен офисінің тексерісі

441 рет
көрсетілді

Жуырда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкері Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/4 түзету мекемесіне барып келді. Сапар топтық дене мүшесіне зақым келтіру жәйті бойынша БАҚ-тағы ақпарат тудырған қоғамдық үнқатуға байланысты жасалды. 2010 жылдың 21-22 шілдесінде 37 айыпталған дене мүшесіне за­қым келтіру әрекетін жасау арқылы бұл мекемеде ұстау жағдайларына наразылықтарын білдірген. Орта­лық­тың қызметкері мекемеге кел­ген кезде барлық зардап шеккен­дерге қажетті медициналық көмек көрсетілген еді. Жағдайды зерттеу барысында омбудсмен офисінің қызметкері ЕС-164/4 мекемесінің басшылы­ғы­мен кездесулер мен сұхбаттасулар өткізді. Сонымен бірге Қылмыс­тық-атқарушы жүйе комитетінің, прокуратура мен ішкі істер орган­дарының өкілдерімен бірлесе жеке мәселе бойынша айыпталғандарды қабылдады. Айыпталғандардың шағым­дарын­да мекемедегі коммуналдық-тұрмыстық жағдайларға көңілі тол­маушылық, сумен жеткіліксіз қам­тамасыз ету, тамақтандыру сапасы, салалық медициналық мамандар­дың болмауы, сондай-ақ тұрғы­лық­ты мекен-жайы бойынша жазаны кешу проблемалары көрініс тапқан. Қазіргі уақытта мүшені зақым­дау­шылық дәлелі бойынша облыс­тық прокуратура өкілдері тексеріс өткізіп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанында жағ­дай­ды зерттеу және тұрақтандыру жө­нін­дегі комиссия құрылды, аудан­дық және облыстық денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық ма­­мандары айыпталғандарды қа­был­дау мен қарауды ұйым­дастырды. Осы мекемеде орын алған жағ­дайға алаңдаушылықты білдіре отырып, оның басшылығына айып­талғандармен қарым-қатынас жасау мен ұқсас фактілерді болдырмау са­ласында ұлттық және халықаралық нормалар мен стандарттарды қамтамасыз ету бойынша кідіріссіз шаралар қолдану ұсынылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.