• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2015

Форум жұмысына белсенді қатысады

285 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Арнайы уәкілі, Пар­ламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролинмен келіссөз жүргізді және алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне қатысуға Рим Папасы Францискке, Мемлекеттік хатшы Пьетро Паролинге және кардинал Жан Луи Торанға шақыруды табыс етті. Діни форумның 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада өтетіні мәлім. Сенатор съезге жан-жақты қолдау білдіргені үшін Мемлекеттік хатшы мен Ватиканның жоғары басшылығына ризашылық білдірді және Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қатынастар өзара түсіністік пен сенімге негізделген сындарлы іс-қимылдың өнегесі болып табылатынын атап өтті. «Қазақстан 100-ден астам ұлт пен 17 конфессия өкілдері бейбіт және келісіммен өмір сүретін көпұлтты ел. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуда зор рөл атқарады. Қазақстан үшін толеранттылық қағидасы мемлекеттік саясаттың ажырамайтын бөлшегі болып отыр. Өркениеттер үнқатысуындағы Батыс пен Шығыс арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ұмтылыс бізді қанаттандырады», деп атап өтті И.Адырбеков. Мемлекеттік хатшы Әлем­дік және дәстүрлі діндер көш­бас­шы­ларының V съезіне қатысуға шақыр­ғаны үшін Қазақстан Президенті Н.Назар­баевқа алғысын білдірді және Ватикан форум жұ­мы­сына алдағы уақытта да белсенді қатысатынын жеткізді.