• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2015

Қостанайлық құтқарушылар мен өрт сөндірушілер футбол ойнады

285 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 31 тамыз. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті еліміз Конституциясының 20 жылдығына арнап, қызметкерлер арасында футболдан жарыс өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер командалары қызықты ойын көрсетті.   Жолдастық кездесу басында құтқарушылардың футбол командасы басым түсті. Олар қарсыластарының қақпасына екі гол салды. Алайда қарсыластар да қарап қалмады, құтқарушылар қақпасына   екі гол салып, қарымта қайтарды.   Үзілістен соң ойын қыза түсті. Екі команда допты беру кезінде жақсы комбинация көрсетті. Жарыс соңында өрт сөндірушілер жауапсыз бір гол салып, жеңіске қол жетті. Ойын жарысқа қатысушылардың   спорттағы шеберлігін ғана емес, жұмыстағы шыдамдылығын, рухын, серіктестік достық, жолдастықты да көрсетті. Мерекелік ойын мақсаты да өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың дайындығы мен моральді-ерікті сапа қызметін жоғарылату болатын. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz