• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2015

Металлургтер ризашылығы

212 рет
көрсетілді

Павлодардағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-та 2,5 мың адам жұмыс істейді. Еңбек ұжымы кеше Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан президенттігіне кандидат етіп ұсыну жөніндегі шешімді қолдайтындықтары жөнінде үндеу жолдады. Электролиз зауытының құ­ры­лысы осыдан тура он жыл бұрын басталып, 2007 жылы іске қосылды. Ал, 2010 жылдан бастап кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеп келеді. Жылына 250 мың тонна дайын алюминий шығарады.  Әлемде теңдесі жоқ алып өндіріс ошағын салуға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тікелей ұйытқы болды. Жаңа технология, инновациялық бағытта салынған зауыт қарапайым адамдардың әлеуметтік мүдделерін жақсартуда маңызды орын иеленіп отыр. Зауыт жұмысшылары Ел­ба­сының әрдайым еңбек адамын қолдайтындығына, елімізде жұ­мысшы мамандықтарына ерекше көңіл бөлінетіндігіне дән риза. Олар «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевты президенттік сай­лауға үміткер ретінде ұсын­ғанын зор қуанышпен қабыл­дағандарын айтты. «Елбасымыз өз кандидатурасын ұсынуға келісім бергеніне өте қуаныштымын. Еліміздің барлық металлургтері қуанышты деп ойлаймын. Өйткені, ол кісі металлургия саласының дамуына өте үлкен үлес қосты. Мен өзім анод зауытында жұмыс істеймін. Еңбегім тұрақты. Ертеңгі күнге сенімдімін. Еліміздегі жасампаздық істердің әрі қарай дамуына үміттенемін және өз еңбегімді қосуға тырысамын», деді анод өндіру цехының шебері Ержан Төлегенов. Шараға жиналғандар бұл сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңіске жететіндігіне сенім біл­дірді.  Елбасының Қазақ елін әлемдік дағдарыстан аман-есен өткізіп, әлі де талай жеңісті күн­дерге жеткізетіндігін айтты. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». ПАВЛОДАР.