Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады.
Дәл осы күні Орталық сайлау комиссиясы кандидатқа оның кандидатурасын қолдап азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын берді.
Ортсайлауком қабылдаған қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидатты қолдайтын сайлаушылардың рас қолдарының саны кемінде 93 мың 012 қолды құрайды. Президенттікке кандидатты қолдап қолдар жинауды сенім білдірілген адамдар жүзеге асырады. Қолдарды жинайтын топтардың саны мен құрамына шек қойылмайды.
Президенттікке кандидатты қолдап толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссияларына тапсырылады, олар бес күн мерзім ішінде паспорт қызметінің қызметкерлерін қатыстыра отырып қойылған қолдардың шын екендігін тексеруді жүзеге асырады, тиісті хаттаманы ресімдейді және оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.
Қолдардың шын екенін тексеру президенттікке кандидатқа қажетті санда рас қолдар анықталғанға дейін жүргізіледі. Осылайша, азаматтардың 93 мың 012 қолының шын екені расталған кезде қалған қолдарды тексеру жүргізілмейді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.