Қазақ-Ресей шекарасында тұрған қазақстандық шекарашыларымыз психотропты затты алып өтпек болған азаматтарды ұстады.
ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, Петропавл шекара отрядына қарасты «Жаңажол авто» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары жүйкені емдеуге арналған, әсер етуі өте күшті «Трамадол» дәрісін елімізден Ресейге заңсыз әкетіп бара жатқан екі ресейлік азаматты ұстады. Тексеріп қарағанда 3 пәшкідегі 5 ампула дәрінің салмағы 30 грамм болып шықты.
Аталған дерек бойынша Мамлют аудандық құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары басталды.