АҚШ-тың Еуразия аймағындағы энергетика мәселелері жөніндегі арнайы елшісі Ричард Морнингстар Қазақстан мен АҚШ арасындағы энергетика саласы бойынша стратегиялық әріптестікті нығайту мақсатында осы жылдың 27-28 шілдесінде Қазақстанда болды. Сапар барысында Р.Морнингстар Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен, Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевпен, сондай-ақ Қазақстанның жоғары лауазымды ресми өкілдерімен, мұнай компанияларының басшыларымен кездесті. Сонымен қатар, елші АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, олардың сұрақтарына жауап қайтарды.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон елші Р.Морнингстарды АҚШ-тың Еуразия аймағындағы энергетика мәселелері жөніндегі арнайы елшісі етіп 2009 жылдың 20 сәуірінде тағайындаған болатын.
“Егемен-ақпарат”.