• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2015

Солтүстікқазақстандық үш түлектің бірі техникалық білімді таңдайды

179 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 13 наурыз.  Сауалдамаға қатысқан 9-11 сынып оқушыларының үштен бірі техникалық мамандықтар алғылары келетінін жазған. Бұл туралы  облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. Әлеуметтік сауалдамаға  облыс орталығы мен 13 ауданнан 6 мың оқушы тартылып,  өздерінің таңдауларын жасаған.  Оның қорытындыларына қарағанда,  3 мың оқушы мектептен кейін колледжге түсуді жөн көрген. Олардың  1 518-і  өңірдегі  оқу орындарында , 955-і  еліміздің өзге аймақтарында,  550-і көрші Ресейде білім алғанды жөн көрген. 2 716 түлек  жоғары білімді маман атануға ниетті. Сауалдамаға қатысқан түлектердің  35 пайызының техникалық мамандықты таңдауы қуантарлық  құбылыс. Жыл өткен сайын техникалық мамандықты  қалаушылардың үлесінің артып  келе жатқаны байқалады.  Мұның өзі Елбасының Инновациялық- индустрияландыру туралы идеясын жастардың  қолдап отырғанын көрсетсе керек, дейді  сарапшы Ирина Торопова. Өмір Есқали. Дерек: Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі. Сурет: egemen.kz