• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2015

Ақтауда жедел жәрдем көлігімен адам қағып кетті

333 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 13 наурыз. Ақтауда жедел-жәрдемнің жүргізушісі студентті қағып, оқиға орнынан ізін суытқан. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға 5 наурыз күні Ақтаудағы энергетикалық колледждің маңында орына алған. Зардап шеккен 16 жастағы жасөпірімді куәгерлер сол бойда ауруханаға жеткізген. Жеңіл жарақаттанған бала алғашқы көмек көрсетілген соң, үйіне қайтарылды. Қазір оқиға орнынан ізін суытқанымен, дереу қолға түскен жауапсыз жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ісі әкімшілік сотқа жолданған. Жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі – Мұнайлы ауданының 27 жастағы азаматы болып шықты. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып, үйінде отыр. Енді 1 жыл көлемінде жүргізуші куәлігінен айырылып,15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: neva.today.