• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2015

Ақтауда адам өлтіріп қашып жүрген жүргізуші қолға түсті

266 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 13 наурыз. Ақтауда он жасар ер баланы көлікпен қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қайғылы оқиға 2014 жылдың 18 қарашасында болған еді. Сол күні Ақтау қаласындағы 2, 3 және 3б шағынаудандар арасындағы қиылыста он жасар Қадіржан Сәтимановты көлік қағып кетеді. Ауыр халде Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілгенмен, жас бала он күннен соң есін жимаған күйінде қаза тапты. Алайда, оқиға орнынан бой тасалап үлгерген күдіктіні табу оңайға соққан жоқ. Тыңғылықты іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, жауапсыз жүргізуші қолға түсті. Қазіргі таңда іс Ақтау қалалық прокуратурасына жөнелтілген. Енді жүргізуші Ж-ның тағдырын сот шешетін болады. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: auto.gazeta.kz.