АҚТАУ. 13 наурыз. Маңғыстау облысында жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматшасы ұсталып, оған айыппұл салынды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мұнайлы ауданында кезекті рейдке шыққан полиция қызметкерлері әйелдің дүкен маңына тоқтаған көлік жүргізушілеріне бір нәрсе жарнамалап жүргенін байқаған. Әйелдің жүріс-тұрысы мен жүргізушілердің күлкісі инспекторларға күдікті болып көрінген. Жүргізушілердің бірі полиция қызметкерлеріне әйелдің тәнін ақшаға ұсынып, мазасын алғандығын айтқаннан кейін жеңіл жүрісті азаматшаны сақшылар тұтқынға алған. Қолға түскен 27 жастағы Өзбекстан азаматшасы Ақтауға дейін жеткізіп салатын такси іздегенін айтып жалтарғанымен, кейін жезөкшелікпен айналысатынын мойындады.
Нәтижесінде, әйелге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, тағы да осындай әрекетімен көзге түссе, қамауға алынатыны ескертілді.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: akjunis.kz.