• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2010

Жол тапқан бар қазақтың жүрегіне

550 рет
көрсетілді

Алматыдағы Республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру институ­ты­ның, С.Мұқанов пен Ә.Мүсіре­пов­­тің мемлекеттік әде­­би-ме­мо­риалдық музей ке­ше­­нінің ұйым­дас­тыруымен қа­зақ әдебиетінің классигі, ака­де­мик-жазушы Сә­бит Мұқанов­тың туғанына 110 жыл толуына орай “Жол таптым бар қазақ­тың жүре­гіне” деген тақырыпта әдеби кеш болып өтті. Әдеби кешті институт ди­рек­торы Бақтияр Сманов ашып, ХХ ғасыр­дағы әдебиет алыпта­рының бірі Сә­бит Мұқановтың ХХІ ғасырда да ру­ха­ният әле­мін­де ойып орын алатынына тоқ­талды. Ал “Қазақстан мек­те­бі” журна­лының бас редакторы Сайраш Әбіш­қызы жазушының өмірі мен шығар­машылы­­ғы­нан алар өнеге жөнінде айтса, музей ке­шенінің директоры Әділғазы Қайырбеков мерейтойлық ша­ра­лар аясында ат­қарылып жат­қан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ Мыңбай Рәш, Жәр­кен Бөдеш, Жарылқасын Бо­ран­­бай, Болат Шарахым­бай, Зер­­небек Шіл­­дебайұлы Сәбең жай­лы тағылым­ды әңгіме өрбітті. Абай атындағы республикалық дарынды балаларға арнал­ған орта мектеп-интернатының шә­кірттері де ән мен жырдан ша­шу шашты. “Егемен-ақпарат”.