• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2010

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

539 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Конституция­сы­ның 40-бабының 1-тармағына, 44-ба­бының 3) және 5) тар­мақ­шаларына сәйкес қаулы етемін: 1. Жоғарғы Соттың, жергілікті және бас­қа сот­тар­дың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ретінде облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері (сот­тардың кеңселері) бар Жоғарғы Сот жанынан Сот­тар­дың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Рес­публикасы Жоғарғы Сотының аппараты) құ­рылсын. 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөнін­дегі комитет: атқарушылық құжаттарды орындау, жекелеген не­гіз­дер бойынша республикалық меншікке айналған (түс­кен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі функциялары мен өкілет­тік­тері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне; облыстық, аудандық және оларға теңес­тірілген сот­тардың қызметін ұйымдастыру­шы­лық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, сот приставтарының қыз­метіне ұйымдастырушылық және әдіс­те­мелік басшылық ету жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Жоғарғы Сот жанынан жаңадан құрылған Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппара­тына) беріле отырып, таратылсын. 3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі: – мынадай: қоғамдық тәртіпті бұзушыларды медици­налық айықтырғыштарға жеткізу жөніндегі функцияларын қоспағанда, медициналық айықтырғыштардың қызметіне байланысты функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Рес­публикасы Денсаулық сақтау министр­лі­гі­нің қарамағына; кәмелетке толмағандарды уақытша оқ­шау­лау, бейім­деу және оңалту орталықтары­ның қызметіне байланысты функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Бі­лім және ғылым министрлігінің қарама­ғына; – Ішкі істер министрлігінде мемлекеттік тех­никалық тексеруден уақтылы өтуді бақылау функ­ция­сын сақтай отырып, көлік құралдарына мемлекеттік техникалық тексерудің жүргізілуін бақылау жөніндегі өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне, көрсетілген техникалық тексеру жүргізу жөніндегі функциялары мен өкілет­тік­тері бәсекелі ортаға беріле отырып; – аса маңызды стратегиялық объекті­лер­ді күзету жөніндегі функцияларды қос­па­ғанда, күзет қызметі жөніндегі функция­лары мен өкілеттіктері бәсекелі ортаға беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын. 4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы көлік прокуратурасы жүйесін өңір­лік үш көлік прокуратурасын Қазақстан Рес­публикасының Бас прокуратурасы жа­нын­дағы біреуіне біріктіру жолымен оңтайландырсын. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мыналарды: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті мен Кри­ми­нал­дық полиция комитетін Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу ко­ми­тетіне біріктіру арқылы қайта ұйым­дас­тыруды; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау ко­ми­теті қызметінің тиімділігін арттыру жө­ніндегі шараларды, оның ішінде ішкі істер органдарының есірткі бизнесіне қарсы күресті жүзеге асыратын аумақтық бөлім­шелерін оның тікелей бағыныстылығына бере отырып қабылдауды; Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми­нистрлігінің Көші-қон полициясы комитетін құруды; Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми­нистрлігінің арнаулы қабылдау орындарын­да әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаны орындау және осы мекеме­лердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функ­циялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағына кезең-кезеңімен беру жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеуді қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасы құқық қорғау орган­да­ры­ның штат санын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізсін; 3) тиісті мемлекеттік органдардың орта­лық және облыстық буынының басқарушы аппаратын қысқарту және өзге де шаралар есебінен құқық қорғау және арнайы органдардың қалалық және аудандық бөлімшелерін кадрмен және материалдық-техникалық нығайтуды қамтамасыз етсін; 4) көліктегі ішкі істер органдары жүйесін көліктегі өңірлік үш департаментті Қазақ­стан Республикасы Ішкі істер министр­лігі­нің жанындағы бір бөлімшеге біріктіру жолымен оңтайландырсын; 5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министр­лігінің ведомстволық оқу орын­дарының жүйесін оңтайландырсын; 6) сот сарапшыларын кәсіби даярлау жүйесін жетілдіру мен сараптамалық зерт­теу­лердің материал­дық-техникалық және ғылыми-әдістемелік базасын жақсарту арқылы сот ісін жүргізуді сот-сараптамалық қамтамасыз ету сапасын арттыру жөніндегі шараларды қабылдасын; 7) 2010 жылдың соңына дейін осы Жарлықтың талаптарынан туындайтын, сондай-ақ: қолданыстағы заңнаманы 1984 жылғы 10 жел­тоқ­санда қабылданған БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намыс­ты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясының талаптарына сәйкес келтіруге; қылмыстық заңнаманы ырықтандыруға және қоғам­ға үлкен қауіп туғызбайтын қылмыстарды, оның ішінде экономика саласындағы қылмыстарды әкім­шілік құқық бұзушылықтар санатына ауыстырып және оларды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті, оның ішінде әкімшілік преюдицияны енгізу жолымен күшейте отырып қылмыстық сипаттан арылтуға, сондай-ақ жазаларды жұмсарту арқылы жекелеген қылмыстардың ауырлық дәрежесін қайта бағалауға; шетелдік озық тәжірибенің негізінде құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге; қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі функцияларды жергілікті атқарушы органдардың қарамағына беруге; бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды, оның ішінде айыппұл, қоғамдық жұмыстар және бас бостандығын шектеу, сондай-ақ қамауға алуға балама ретінде жолын кесу шаралары жазаларын қолдану саласын кеңейтуге; қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүр­гі­зу­ді одан әрі оңайлатуға, оның жеделдігін, оның ішінде тер­геумен ынтымақтастықтағы айыпталушыларға қатыс­ты ынталандыру нормаларын енгізу арқылы арттыруға; қылмыстық сот ісін жүргізуде бітімгерлік рәсімдерді кеңейтуге, оның ішінде медиация институтын дамы­туға, сондай-ақ жеке және жеке-ашық айыптаудың қылмыстық істерінің санатын кеңейтуге; мемлекетке зиян келген жағдайда, тараптардың бітімге келуіне байланысты адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен босату тәртібін реттеуге әрі онша ауыр емес және ауырлығы орташа экономикалық қыл­мыс жасаған адамдарға қамауға алу түрінде жолын кесу шараларын қолдану үшін шектеулер белгілеуге, сон­дай-ақ келтірілген зиянды өз еркімен өтеген жағдайда оларды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға; жолын кесу шаралары ретінде үйде қамау немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат таңдалған айыпталу­шы­лардың жүріп-тұруын және бас бостандығын шектеуге сотталғандардың, шартты түрде сотталғандардың, шарт­ты-мерзімінен бұрын босатылғандардың тиісінше жүріп-тұруын, оның ішінде қадағалаудың электрондық құралдарын кеңінен пайдалана отырып бақылаудың нысандары мен әдістерін жетілдіруге; прокуратура органдарының құқық қорғау қызметіне қатысты үйлестіруші функциясын күшейтуге; проку­рорға қылмыстық қудалаудың заңдылығын, оның ішінде қылмыстық істің қозғалуын қадағалау жөніндегі қосымша міндеттер жүктеу арқылы оның сотқа дейінгі іс жүргізудегі рөлі мен жауапкершілігін арттыруға; құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және судьялардың қызметтік жағдайын пайдалана отырып қылмыс жасау фактісін қылмыстық жауапкершілік пен жазалауды ауырлататын жағдай деп тануға; балама тергеу нұсқаларын барынша азайтуға, қыл­мыс­тық істер бойынша бұл әрекеттер ұлттық қауіп­сіздік органдарының тергеуіне жататын басқа қыл­мыс­тармен жиынтығында жасалған жағдайларда ғана ұлт­тық қауіпсіздік органдарымен балама тергеуді сақтай отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің айрықша тергеуіне есірткі құ­рал­дарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істерді жатқызуға, ал қаржы полициясы ор­гандарының айрықша тергеуіне экономи­калық қыз­мет саласындағы қылмыстар мен сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істерді жатқызуға; құқық қорғау органдарының шаруа­шылық жүргізу­ші субъектілердің қызметіне негізсіз араласу фак­ті­ле­рін, оның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар мемлекеттік орган­дардың тізбесін одан әрі қысқарту арқылы болдырмауға; бизнес пен меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл жасауға; құқық қорғау, өзге де әлеуетті және ар­найы орган­дардың негізгі және қамтамасыз етуші функцияларын айқындауға; құқық қорғау, әлеуетті және арнайы органдардың негізгі міндеттер мен функцияларды орындайтын қыз­мет­керлерінде әскери және арнайы атақтарды, сынып­тық шендерді, погоны бар нысанды киімді кию құқы­ғын, осы органдардың көрсетілген атрибуттардан айы­рылатын қызметкерлеріне бұрын белгіленген үстеме­ақыларды ескере отырып және қазіргіден төмен емес лауазымдық жалақы тағайындай отырып, сақтауға; осы Жарлықтың қолданылу аясына түсетін адамдар үшін зейнеткерлікке шығу кезінде әлеуметтік қамсыз­дандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылық­тар­ды, ал кемінде 20 жыл қызмет өткерген адамдар үшін қызметін аттестатталған лауазымдарда өткеруін аяқтау мүмкіндігін сақтауға; тиісті әскери және арнайы атақтар, сыныптық шендер үшін объективті түрде салыстырмалы үстеме­ақы­лар белгілеуге, олардың құқық қорғау, өзге де әлеуетті және арнайы органдардағы сәйкестік деңгейін айқындауға; құқық қорғау және арнайы органдардың орталық және аумақтық бөлімшелеріндегі аға басшы құрамның лауазымдары мен оларға сай шекті әскери және ар­найы атақтардың, сыныптық шендердің тізбесін оң­тайландыруға; құқық қорғау қызметін өткерудің бірыңғай құ­қық­тық стандарттары мен нормаларын, құқық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғаудың бірыңғай ұстанымдарын енгізуге; құқық қорғау органдарының басшы құрамын жүйе­лі кадрлық ротациялау арқылы құқық қорғау орган­дары­ның дербес құрамын қалыптастыруға; қылмыстың алдын алу, азаматтардың конс­ти­туциялық құқықтары мен бостандық­тарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, халықтың тарапынан сенім артуына мәселелеріне басымдықпен, өкілді органдар мен жұртшылық тарапынан берілетін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, құқық қорғау органдарындағы және соттардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін рейтингтік бағалауды енгізе отырып, құқық қорғау органдарының есептілігі мен олардың қызметін бағалау жүйесін жетілдіруге; құқық қорғау органдарының азаматтық қоғам инс­титуттарымен ынтымақтастығы­ның түрлі нысандарын белгілеуге; азаматтардың және ұйымдардың, сондай-ақ мем­лекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін жедел және әділ қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сот ісін жүргізуді жетілдіру мен оңайлатуға; сотқа дейінгі іс жүргізуде соттың бақылау шегін кеңейтуге; сот төрелігін іске асырудың негізгі принциптерін сақтай отырып, соттарға сот талқылауының дайындық сатыларында сотқа дейінгі іс жүргізудің олқылықтарын толтыру жөніндегі қосымша өкілеттіктер беруге; азаматтық-құқықтық дауларды сотқа дейін реттеу са­ласын және оларды шешудің балама тәсілдерін кеңейтуге; судьялар мен судья лауазымына кандидаттар үшін көтеріңкі өлшемдер мен стандарттар енгізуге бағыт­тал­ған заңдардың жобаларын әзірлеп, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін; 8) облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен бірлесіп: құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамта­масыз етудің, қылмыс жасауға және құқық бұзушы­лық­тарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтаудың қазіргі заманғы әдістерін көздей отырып, құқық бұзушылықтар профилактикасының салалық және өңірлік бағдарламаларын 2010 жылдың соңына дейін қабылдауды қамтамасыз етсін; құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында жергілікті ат­қарушы органдардың жауапкершілігін арттыру жө­ніндегі шаралар­ды, оның ішінде тиісті деңгейдегі әкімдердің есептерін Қазақстан Республикасы Үкі­метінің және әкімдіктердің отырыстарында тұрақты қарау арқылы қабылдасын; 9) құқық қорғау органдары мен соттар қызметінің қолжетімділігін және ашықты­ғын қамтамасыз ету мақ­сатында олардың қызметіне инновациялық техноло­гия­ларға негізделген озық әлемдік тәжірибені енгізуді қамтамасыз етсін; 10) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Рес­пуб­ликада жеке детективтік қызмет институтын енгізу туралы ұсыныстар берсін; 11) Қазақстан Республикасының таратылатын және қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін. 6. “Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қо­сымша шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі №793 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №19, 166-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 5-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын. 7. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі әлеуетті органдардың жұмысын үйлестіруді жүзеге асырсын. 8. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жос­па­рын бір ай мерзімде әзірлеп, бекітсін және оның орын­далуы жөнінде егжей-тегжейлі шаралар қабылдасын. 9. Қазақстан Республикасында әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құқық қорғау және сот жүйелерін жаңғыртумен байланысты жұмысты жалғастырсын. 10. Осы Жарлық, қажетті заңнамалық базаны мүмкіндігінше қалыптастыру және оның практикада сынақтан өткізілуіне қарай, бірақ 2012 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитетін құру туралы ережесін қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы  тамыздың 17-сі.          №1039.