• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2010

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының қаулысы № 23

558 рет
көрсетілді

2010 жылғы 1 наурыз  Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру және актуарлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуа­рийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы” 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1532 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: Көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтата тұру және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі туралы ережеде: 18-тармақта: 3) тармақшада: “қатысты курстар бойынша” деген сөздер “қатысты әрбір курсы бойынша” деген сөздермен ауыстырылсын; “.” деген тыныс белгісі “;” деген тыныс белгісімен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: “4) осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес Актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасына қатысты курсы бойынша 80%-дан кем емес рейтингі бар “Актуарий” мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрінің дипломы бар және осы Ереженің 5-қосымшасында көзделген ең төменгі бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ететін ұйымда осы курсты ойдағыдай тапсырған жеке тұлға.”; 19-тармақтың 6-1) тармақшасы алынып тасталсын; 45-1-тармағының бірінші бөлігінде “екі” деген сөз “үш” деген сөзбен ауыстырылсын; 45-2-тармағының бірінші бөлігінде “екі жылдық” деген сөздер “үш жылдық” деген сөздермен ауыстырылсын; 5 қосымшаның “Актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасы” бөлімінің екінші бөлігінде “2009” деген цифрлар “2012” деген цифрлармен ауыстырылсын. 2. Агенттік Басқармасының “Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесін бекіту туралы” 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 122 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 12 маусымда № 4731 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесінде: кіріспеде “Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкер­ші­лігін міндетті сақтандыру туралы” Қазақстан Респуб­ликасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына (бұдан әрі - Жұмыс берушінің АҚЖ туралы Заң)” деген сөздер “Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы” (бұдан әрі – Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заң) ” деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақ алынып тасталсын; 11-тармақта “өтініш берушіні салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариатта куәландырылған көшірмесін, сондай-ақ” деген сөздер алынып тасталсын; 11-1-тармақта “және 8-1-бабының 1-тармағының” деген сөздер алынып тасталсын; 11-4-тармақта “Жұмыс берушінің АҚЖ туралы Заңның” деген сөздер “Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңның” деген сөздермен ауысты­рылсын; 17-тармақта “ағымдағы банктік шоттан үзінді-көшірмесі,” деген сөздер алынып тасталсын; 7-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 3. Агенттік Басқармасының “Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы” 2007 жылғы 25 маусымдағы № 177 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4860 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: Көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта: 4-тармақтың бірінші абзацында “ 1, 5-тармақтарында” деген сөз бен цифрлар “5-тармағында” деген сөз бен цифрға ауыстырылсын 7-тармақта “5)” цифрдан кейін “, 6), 7)” деген цифрлармен толықтырылсын; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: “11. Заңның 8-1-бабының 5-тармағының 1) тармақша­сында көрсетілген ақпаратты жеткізуші Заңның 8-2-бабының 2-тармағында көзделген, Заңның 5-бабының 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген көлік құралдары иелері туралы мәліметтерді Ұйымға нақты уақыт режимінде береді, оларға мыналар жатады: 1) Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес сақтандыру шартының түрі; 2) сақтандыру полисінің нөмірі мен берілген күні; 3) өтініш беруші туралы мәліметтер: тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні, жүргізуші куәлігінің сериясы, нөмірі, берілген күні, жүргізуші стажы (жеке тұлға үшін); атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін); телефон нөмірі; салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) не бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін); экономика секторының коды; резиденттіктің белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емесі); 4) автокөлік құралы туралы мәліметтер (кешенді сақтандыру шартын жасасқан жағдайда әрбір көлік құралының бірлігі туралы мәліметтер көрсетіледі): тіркеу орны; көлік құралын тіркеу туралы куәлігінің немесе көлік құралының тіркелуін растайтын өзге құжаттың (Қазақстан Республикасының резиденті емесі үшін); нөмірі мен берілген күні; көлік құралын пайдалану мақсаты; Заңға сәйкес көлік құралының типі; маркасы; моделі; шығарылған жылы; қозғалтқыштың көлемі; қозғалтқыштың қуаты; руль басқаруының орналасуы; қозғалтқыштың нөмірі; кузовтың нөмірі (бірегейлендіру нөмірі (VІN)); кузовтың (кабинаның) түсі; 5) сақтандыру мерзімі туралы мәліметтер; 6) сақтанушыға (жеке тұлғаға) берілетін жеңілдіктер туралы мәліметтер: Ұлы Отан соғысының ардагері немесе Ұлы Отан соғысының ардагеріне теңестірілген тұлға куәлігінің нөмірі мен берілген күні; І, ІІ топтағы мүгедек куәлігінің нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі; зейнеткер куәлігінің нөмірі мен берілген күні; 7) сақтанушының отбасылық жағдайы туралы мәліметтер; 8) сақтандырылушы (сақтандырылушылар) туралы мәліметтер: тегі, аты, бар болса - әкесінің аты; туған күні; салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі; тұрғылықты жері; отбасылық жағдайы; жүргізуші стажы; жүргізуші куәлігінің нөмірі, берілген күні; 9) қосарлы сақтандыру, көлік құралын маусымды пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру туралы мәліметтер; 10) өтінішке қол қойылған күні; 11) сақтандыру жағдайлары бойынша мәліметтер (бар болған жағдайда): Сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) Заңның 16-бабының 2-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес ұсынылған сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтінішті қабылдаған күні; әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істі қараған судьяның (соттың) қаулысының қабылдау және күшіне ену күні, не сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінің болуын растайтын және (немесе) зардап шегушінің (зардап шегушілердің) өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірілгендігін куәландыратын сот актісі; зардап шегушінің (зардап шегушілердің) мүлкіне кел­ті­рілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемінің сомасы; зардап шегушінің (зардап шегушілердің) өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемінің сомасы; бағалауды жүргізумен байланысты шығыстар; сақтандырушының іс жүргізу бойынша шығыстары; сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандыру жағдайында шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында жасалған шығыстары; өзге шығыстар.”; 12, 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: “12. Ақпаратты жеткізуші Ұйымға ұсынатын сақтанушы (сақтандырылушы), көлік құралы туралы мәліметтер Заңның 10-бабының 5-тармағында көзделген сақтанушының өтінішінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс. 13. Ұйым деректер базасының құрылымын ақпаратты жеткізушінің келісуі бойынша, Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып, анықтайды, ол деректер базасының мынадай негізгі функцияларының орындалуын қамтамасыз етеді: 1) Заңның 8-2- бабының 2-тармағында көзделген ақпаратты жинақтау; 2) мазмұнына қойылатын талаптары Заңда және осы Нұсқаулықта белгіленген сақтандыру есептерді қалып­тастыру және беру; 3) сақтандыру полисіне бірегей нөмірін тағайындау. Бірегей нөмірді тағайындау мынадай тәртіппен жүргізіледі: 1) сақтандырушы сақтанушы (сақтандырылушы), көлік құралы (көлік құралдары) туралы мәліметтерді деректер базасына, мазмұнына қойылатын талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтанушының өтініші негізінде енгізеді; 2) деректер базасында міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисіне енгізілуі тиіс мәліметтерді қамтыған сақтандыру есепті қалыптастыру; 3) сақтандыру полисіне сақтандыру полисінің нөмірі болып табылатын бірегей нөмірін тағайындау; 4) деректер базасында қалыптастырылған ақпарат, оны сақтандыру полисінің бланкіне басу арқылы шығарылады.”; 18-тармақта “9” деген цифр “10”деген цифрмен ауыстырылсын. 4. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 2-тармағының үшінші, жетінші абзацтарынан басқа, осы қаулы, ол бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Төрайым Е.БАХМУТОВА. _______________________ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 23 қаулысына қосымша “Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесіне 7-қосымша Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Уәкілетті органның толық атауы “Өмірді сақтандыру” саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия Лицензияның нөмірі берілген күні ____  жылғы  “__” ______________________________ ______________________________________________________________________________ (сақтандыру ұйымының толық атауы) Осы лицензия: 1. сақтандыру қызметін: сақтандырудың ерікті нысанында: ___________________________________________________________________________________________________________________________________ сақтандырудың міндетті нысанында: ___________________________________________________________________________________________________________________________________ 2. қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын береді. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер: сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына ___________________________________________________________________________________________________________________________________ (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы) Төраға (Төрағаның орынбасары) Мөр орны Алматы қаласы”. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6157 болып енгізілді.