«Африка ұлттар кубогында жақсы ойнаған футболшыларды сатып алу үнемі сәтті бола бермейді. Бірақ Конгоның бұл турнир барысындағы ойынынан кейін футболшыларына скауттар тарапынан қызығушылықтың болары анық. Бұл турнирде «Фулхэм» ойыншысы Несскенс Кебанодан бөлек, Жуниор Кабананга да керемет өнерімен көзге түсіп жатыр. Егер жақсы ұсыныс түсіп жатса, «Астана» оны сатуы әбден мүмкін. Себебі, оның келісімшарты жазға дейін ғана. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін басқа командаға тегін ауысып кетеді», – деп жазады The Guardian.
27 жастағы Жуниор Кабананга «Астана» сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақытта дейін ол ел біріншілігінде 26 кездесуге қатысып, 13 голдың және 10 нәтижелі пастың авторы атанған.