2015 жылғы 13 ақпан, Астана қаласы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы №900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 20-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр резервін қалыптастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерінің дербес деректері бар жеке істерін жүргізу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары мен шарттары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қарамағындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қызмет өткеру қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіндегі кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Аттестаттаудан өту кезіндегі тестілеуден өту қағидалары мен шарттары, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық бойынша нормативтері;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдар үшін арнайы бастапқы оқудан өту қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысы А.А.Шайымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Қ.ҚОЖАМЖАРОВ.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 2 ақпандағы №51 бұйрығына 1- қосымша
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр резервін қалыптастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр резервін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің кадр резервін қалыптастыру тәртібін белгілейді.
2. Кадр резерві сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары тұрған бос лауазымдарына кейіннен орналасу үшін құрылады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің (бұдан әрі - қызметкер) кадр резервінде тұру мерзімі үш жылдан аспауы тиіс. Кадр резервіне алынған, бірақ кадр резервінде тұру кезеңінде олар үшін жоспарланған лауазымдарға тағайындалмаған адамдар кадр резервіне жалпы негіздерде жаңадан алынуы мүмкін.
4. Бос басшы лауазымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр резервінде тұрған адам орналасады.
Кадр резервінде тұрған қызметкер ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда, бос лауазымға аттестаттау нәтижелері немесе кадрларды іріктеу бойынша басқа қызметкер орналастырылады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр резервін қалыптастыру
5. Кадр резерві әрбір мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органында (бұдан әрі – орган) кадр құрамының сапалық жағын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына орналастыру қажеттілігін ескере отырып, сонымен қатар орналастыруға жататын әрбір лауазымға кемінде екі үміткердің есебінен құрылады.
6. Кадр резервін қалыптастыру көздері:
1) Агенттіктің құрылымдық, аумақтық бөлімшелері басшыларының ұсыныстары бойынша, қызметтік міндеттерін атқару кезінде не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ұйымдастырушылық қабілетін танытқан кадр резервіне алуға ұсынылған қызметкерлер;
2) аттестаттау нәтижесі бойынша басшы лауазымдарға немесе ауқымды жұмыстарға жоғарылатуға ұсынылған қызметкерлер.
7. Кадр резервіне алу үшін үміткерлерді іріктеу қызметкерлердің жеке және кәсіби қасиеттерін, қызметтерінің нәтижелерін зерделеу және бағалау, сондай-ақ аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Кадр резервіне алу үшін үміткерлерді іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
1) ұсынылып отырған лауазымға орналастыруға көзделген біліктілік талаптары бойынша сәйкестігі;
2) ұсынылып отырған қызмет түрі бойынша тиісті кәсіптік даярлығының және жұмыс тәжірибесінің бар болуы;
3) денсаулық жағдайы;
4) кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру нәтижелері;
6) тиімділік қызметін бағалау нәтижелері.
8. Кадр резервіне үміткерлерді сапалы іріктеу және алу мүмкіндігі туралы ұсынымды дайындау мақсатында кадр резервіне алу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады.
9. Комиссияның құрамы Агенттікте Агенттік Төрағасының, аумақтық бөлішелерде аумақтық бөлімшелер басшыларының бұйрығымен бекітіледі.
10. Комиссия отырысы әр жыл сайын қаңтарда өткізіледі.
11. Кадр резервіне үміткерлер бойынша материалдарды персоналмен жұмыс жасау бөлімшелеріне:
1) Агенттіктің кадр резерві бойынша - Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
2) Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің кадр резерві бойынша - бұл органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жолдайды.
12. Үміткерлер бойынша материалдар осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген мәліметтерді, сондай-ақ осы Қағидаларға №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парақтарын қамтуы тиіс.
13. Персоналмен жұмыс жасау бөлімшесі ұсынылған материалдардың толықтығын, үміткердің кадр резервіне қабылдау үшін ұсынылатын лауазымға орналасуға көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуын тексереді және оларды отырысты өткізгенге дейін күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімде қарау үшін комиссияға жолдайды.
14. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр резервіне қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік дауыстары оған берілген жағдайда қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының берген дауысы шешуші болып табылады.
Комиссияның кадр резервіне қабылдау шешімі отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелерінің және хатшының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
15. Кадр резервіне қабылданған адамдар туралы мәліметтер осы Қағидаларға №2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр резервіне қабылданған орган басшысының бекітетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің тізіміне енгізіледі.
Резервке қабылданған қызметкерлердің тізімдерін құру және оны жүйелендіру персоналмен жұмыс жасау бөлімшелеріне жүктеледі.
16. Егер лауазымын жоғарлату тұрғылықты орнын ауыстыруды болжайтын болса, онда үміткердің және оның отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы есепке алына отырып, тиісті өңірде тұру мүмкіндігі ескеріледі.
17. Органдардың басшылары резервте тұрған адамдар жайлы терең зерттеу бойынша, олардың іскерлік және моральдық қасиеттерін, кәсіби шеберлігін және ұйымдастырушылық дағдыларын жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асырды.
Кадр резервінде тұрған тұлғалар:
1) жоғары оқу орындарынан кейінгі бағдарламалар бойынша оқуға жіберіледі;
2) жоғары тұрған құрамдағы лауазымдарда тағылымдамадан өтеді;
3) жедел жаттығуларға, оқу-әдістемелік жиындарға, ғылыми- тәжірибелік конференцияларға қатысады;
4) органдардың қызметін тексеру және оларға жұмысты ұйымдастыруда көмек көрсету үшін бригада басшылығында немесе бригадалар құрамында қызметтік іссапарға жіберіледі;
5) органдардың қызметіне кешенді инспекторлық тексерістерді жүргізу үшін бригадалар құрамына енгізіледі;
6) қылмыстарды ашуды және тергеуді ұйымдастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды өткізуге тартылады;
7) орындалуы қызметкерді жоғарылату болжанып отырған лауазыммен байланысты тапсырмаларды алады, сондай-ақ басшылардың еңбек демалысы, іссапарлары, науқастануы кезінде олардың міндетін атқарады (штаттық орынбасарлары болмаған жағдайда);
8) нормативтік актілердің жобаларын, басқарушылық шешімдерді әзірлеуге, алқа мәжілісінде, жедел кеңестерде қаралатын мәселелерді дайындауға, хаттарды, арыздар мен шағымдарды шешуге тартылады;
9) біржолғы талаптарды (қылмысқа қарсы күрестің жай-күйін талдау және қоғамдық тәртіпті сақтау, бұйрықтардың, алқа мәжілістері, жедел кеңестер шешімдерінің орындалуын тексеру, жоспарлардың жобаларын, жоғары тұрған сатыларға ақпарат дайындайды) орындайды;
10) бекітілген бағдарламаға сәйкес психологиялық арнайы даярлықты өтеді.
3. Кадр резервінен шығару тәртібі
18. Қызметкерлерді кадр резервінен шығару:
1) қызметтік жұмыс деңгейі мен нәтижелері төмендеген;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;
3) кадр резервінде тұрған тұлғаны қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату, біліктілік сыныбын бір сатыға төмендету немесе ведомстволық наградалардан айыру түріндегі тәртіптік жаза берілген;
4) құқық қорғау органдарында қызмет ету туралы заңнамаға сәйкес азаматтардың қызметте болуын шектейтін кадр резервіне есепке алу туралы шешім қабылдау кезінде болмаған немесе белгісіз негіздер туындаған;
5) олардың қасиеттерінің жоғары лауазымдардағы жұмысқа қойылатын талаптарға сәйкес еместігі (соның ішінде денсаулығына байланысты) анықталған;
6) резервтегі адам жоғары тұрған санаттағы бос лауазымды атқарған;
7) қызметтен босату.
19. Кадр резервінің тізімдерінен шығару комиссия шешімімен жүзеге асырылады, бұл туралы болжанып отырған лауазымға тағайындау құқығы берiлген басшысына хабарланады.
Қызметкерді тізімнен шығару туралы қабылданған шешімін хаттамамен ресімделеді. Онымен ол үш күндік мерзімде қол қою арқылы таныстырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр резервін қалыптастыру қағидаларына 1 қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының кадр резервіне қабылдау үшін үміткерлерді бағалау парағы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________
Лауазымы, жұмыс орны __________________________
Туған жылы_______________________________________________________
Білімі (жоғары оқу орын,мамандығы): ___________
Жинақталған жұмыс тәжірибесі (керегінің астын сызу):
- монофункционалды/арнайы;
- мультифункционалды/жан-жақты.
Ұсынылатын лауазым_______________________________________________
Мінездеме Мінездеменің ауырлық деңгейі
Төменгі деңгей Орташа деңгей Жеткілікті деңгей Жоғары деңгей
Құзіреттілігі
Техникалық (қызметінің мазмұнына байланысты орындалған жұмыс түріне тән технологиялық білімі)
Басқарушылық (жоспарлау, талдау әдістерін білу)
Экономикалық (экономикалық талдау мен бағалаудың ерекше тәсілдерін білу)
Тұлғалық мінездеме
Талдау
Мәселенің логикалық жағынан тұжырымдау немесе басымдысын белгілей отырып баламалы шешімін таба білу
Синтез
Мәселенің ең маңызды элементтерін анықтау қабілеті
Шығармашылық
Қалыпты жағдайдан тыс, мәселенің функционалды шешімін бөліп көрсету және дамыту қабілеті
Қарапайым шешім
Белгілі жағдайда тез арада шұғыл шешім қабылдау
Қиын шешім
Нақтылық жоқ жағдайда сыртқы күштерді пайдалана отырып, барлық ықтимал шешімдерді назарға алу қабілеті
Іске асыру
Берілген тапсырманың қиындығына, кедергілерге, қарамастан орындауға деген ұмтылысы
Жоспарлау
Тапсырманы орындау үшін Іс- шараның жоспарын әзірлеу барысында оның басымды жақтарын, негізгі мақсатта мерзімін және бақылау механизмін таба білу
Ұйымдастырушылық
Жедел шешім қабылдау және басқа міндеттерін орындау үшін ресурстарды (персонал,әдіс-тәсілдер,құрал-жабдықтар,уақыт,сызба аса тиімді пайдалану қабілеті.
Қадағалау
Бағдарламаның орындалуына қажетті өзгерістерді енгізе отырып,шұғыл ат салысу баға беру және қадағалау қабілеті.
Қарым-қатынас
Адамдармен қарым-қатынас орнату арқылы қойылған мақсатқа жету үшін ұйымдастырушылығы, сонымен қатар қолайлы шығармашылық орта қалыптастыру.
көлденең:
қойылған мақсаттың орындалуы барысында көпшілікпен ынтымақтастық қатынасқа түсе білу (қарым-қатынас орната алумен қатар өзіндік бейнесін сақтай алу және мемлекеттік органның көзқарасын бұзбау)
тігінен:
талап қоя білу және немесе өз қарамағындағыларды, сондай-ақ басшыны қолдау
Ескерту: «Мінездеменің ауырлық деңгейі» бағанында қарастырылып отырған үміткерге тән бағанына « + » белгісін қою қажет.
Құрылымдық (аумақтық) бөлімшенің басшысы ______________ ______________(қолы) ( тегі, аты-жөні )
Толтырылған күні ____________
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр резервін қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Бекітемін
__________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөні (болған жағдайда),
тізімді бекітетін тұлғаның қолы)
Кадр резервіне қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің тізімі
№ р/с Арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты; атқарып отырған лауазымы; лауазымда қай уақыттан бері Туған күні, білімі (қандай оқу орнын және қашан бітірді), белгіленген біліктілік сыныбы қай уақыттан бері Қандай санаттағы лауазымға жоғарлату ұсынылады (санаты және лауазымның атауы) Резервке енгізудің негізі, резервке енгізу туралы комиссия шешімінің күні Лауазымға тағайындалғаны немесе резервтен шығарылғаны туралы белгі және негізі
Қолы_____________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты-жөні (болған жағдайда) және тізімді құрастырған тұлғаның қолы)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 13
2 ақпандағы №51 бұйрығына 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерінің дербес деректері бар жеке істерін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерінің дербес деректері бар жеке істерін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерінің жеке істерін ресімдеу және жүргізу, оларды есепке алу, сақтау және беру тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) түсетін үміткерге кадр бөлімшелері жеке іс ресімдейді, оған барлық зерделеу материалдары және одан әрі қызметтік іс-әрекеттері мен құқық қорғау қызметіндегі еңбек өтілі туралы мәліметтер тігіледі.
3. Жеке істе бұрынғы еңбек қызметі, Қарулы Күштерде, әскерлерде, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет өткеруі, өмірбаяндық және әлеуметтік сипаттағы деректер, зерделеудің, арнайы тексерістердің нәтижелері мен басқа да мәліметтер көрсетіледі.
4. Қызметкердің жеке ісіндегі және есепке алу құжаттарындағы мәліметтер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатады.
5. Персоналмен жұмыс жасау бөлімшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметінде тұрған барлық адамдарға жеке істерді ресімдейді және жүргізеді.
6. Жеке іс негізгі құжат болып табылады, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің қызметтік, кәсіби және қоғамдық қызметін сипаттайтын барлық дербес деректер мен материалдар жинақталады.
7. Жеке істің материалдары қызметкердің қызмет өткеруі туралы мәселелерді шешу, кезекті біліктілік сыныптарды белгілеуге ұсыну, марапаттау мен көтермелеу, қызметкерлердің санаттарын көтеру, лауазымдық жалақысының мөлшерін анықтау үшін қызмет өтілін, еңбек өтілін, зейнетақыны белгілеу үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу және басқа да қажетті кадрлық рәсімдерді жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін.
8. Жеке іс қызметкердің, жұмыскердің ақпараттық моделі ретінде болады және оның қызметтік және еңбек қызметін, іскерлік және жеке қасиеттерінен тұратын нақты және толық өмірбаяндық деректері қамтылған есепке алу құжаты ғана емес, осы мәліметтерді заңды түрде растайтын құжаттардың (мінездемелер, қызметтік аттестаттау, ант, ұсыныстар және басқа материалдар) өзіндік қоймасы ретінде пайдаланылады.
9. Жеке істің барлық материалдары құжаттардың түсіп қалуына жол бермейтін төзімді жіппен тиісті бөлімдерге тігіледі. Желімді, скотчты, степлерді және құжаттарды бекітуге арналған басқа да құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің жеке істерін ресімдеу және жүргізу
10. Жеке іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадрларын дербес есепке алатын құжат болып табылады және ол бес бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде:
1) қызметтік тізім;
2) қызмет өтілін анықтау жөніндегі комиссияның қорытындысы;
3) қызметінің жеке кезеңдерін растау туралы қорытындысы сақталады.
Екінші бөлімде:
1) аттестаттау парақтары;
2) қызметтік мінездемелер;
3) біліктілік сыныпты белгілеуге (төмендетуге, қайта қалпына келтіруге) ұсыныстар;
4) кезекті біліктілік сыныпты белгілеуге ұсынысты кешіктіріп беру туралы шешім;
5) қызметі бойынша ауысуға ұсыныстар және баянаттар;
6) қызметтен шығаруға ұсыныстар мен баянаттар;
7) қызметтен босату туралы хабарлама;
8) марапаттау парақтары, көтермелеу (марапаттау) туралы ұсыныстар;
9) тестілеудің, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері;
10) сертификаттардың (арнайы алғашқы оқуды, қайта даярлау курстарын, біліктілікті арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының бюджеті есебінен төленетін тілдік, білім беру және басқа да курстарды бітіргені туралы) көшірмелері сақталады.
Үшінші бөлімде:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылдау туралы өтініш;
2) өмірбаян (өз қолымен жазылған және басылған түрде, (кадр бөлімшесі қызметкерінің қолымен расталған);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша (кадр бөлімшесінің мөрімен расталған фотосуретпен);
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылдау туралы қорытынды;
5) қызметке (оқуға) түсуге дейінгі ұсынылатын мінездемелер (қызметтік, оқу және тағы.б.);
6) конкурстық комиссия материалдары (Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік тілді білуін және жеке құзіретін тестілеу нәтижелері; дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері, полиграфологиялық зерттеу нәтижелері);
7) орталық (округтік) әскери-дәрігерлік комиссиясының анықтамасы;
8) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жазылым;
9) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес міндеттемелер;
10) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері;
11) ) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі және оның аумақтық құрылымдары қызметкерлерінің қызметтік этика ережелерін сақтау жөніндегі міндеттеме;
12) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі қызметкерлері анттарының мәтіні бар қол қойылған бланк.
Төртінші бөлім (жеке папка) – «Мұрағаттық материалдар»:
1) ескірген қызметтік тізімдер;
2) ескірген өмірбаяндар мен кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақшалар;
3) қызметкердің баянаты;
4) қызметтік тексерістер мен тергеулердің қорытындылары мен материалдары;
5) жеке құрам жиналыстары отырыстарының шешімдері мен хаттамалары;
6) Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының ескірген анықтамалары, денсаулық жағдайы туралы, жарақаттар мен контузиялар туралы анықтамалар және басқалары;
7) қызметкердің қызметі бойынша басқа жерге ауысуы жөніндегі жолдаманың үшінші бөлігі;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі қызмет мерзімін ұзарту туралы қолдаухат пен баянат;
9) қызметі бойынша ауысу кезіндегі ұсынымдар;
10) кадр резервіне енгізілетін үміткерлермен жұмыс жөніндегі материалдар;
11) өзекті емес жағдайдағы жеке істің басқа да құжаттары.
Бесінші бөлім (жеке папка) – «Зерделеу және арнайы тексеріс материалдары» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қызметке түсетін үміткерлерді зерделеу және арнайы тексеріс материалдарынан, қызметкердің жүзеге асыратын қызметі кезеңдеріндегі қосымша тексеру материалдарынан қалыптастырылады. Аталған бөлікте зерделеу материалдары:
1) зерделеуге және тексеруге келіскені туралы өтініші;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке үміткердің сауалнамасы;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке үміткердің жеке басын зерделеу сауалнамасы;
4) ұсынымдар (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылдау (қайта қалпына келтіру) кезіндегі жеке кепілдіктер);
5) үміткердің тұратын жері бойынша тексерістердің нәтижелері жөніндегі баянаттар, анықтамалар, пікірлер;
6) үміткердің тұратын жері бойынша учаскелік полиция инспекторының анықтама-ұсынымдары.
Тексеріс материалдары:
1) тексеріс жүргізу жоспары;
2) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы талаптар;
3) арнайы тексеріс нәтижелері;
4) қосымша тексерістер бойынша материалдар (сотталған туыстарына және тағы басқа анықтамалар мен мінездемелер);
5) жедел-тыңшылық жұмысқа қорытынды (рұқсат қағазы);
6) мемлекеттік құпияларға рұқсат беру туралы шарт (келісімшарт).
Жеке істің сыртқы мұқабасы осы Қағидалардың 5-қосымшасына көрсетілген нысан бойынша рәсімделеді.
Жеке іс қалың картоннан әзірленген папка-қаптамаға (көлемі 250х320 миллиметр) салынады, оның жоғарғы түбіршегінде салыстырып тексеру кітабына сәйкес жеке істің нөмірі көрсетіледі.
Сыртқы мұқабасы мен папка қолмен жазылған мәтінді пайдаланусыз келісімді әрі біртекті болуы қажет.
Жеке істің сыртқы мұқабасының ішкі жағында қызметкердің белгіленген күнделікті киім нысанындағы көлемі 9х12 (сыртқы киімсіз және бас киімсіз) түрлі-түсті фотосуреті (анфас, бюст) бекітіледі. Фотосуреттің екінші жағына қара сиямен қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) жазылады, ол кадр қызметкерінің немесе тікелей бастықтың қолымен расталады және оған кадр құрылымының мөрі басылады. Кезекті біліктілік сыныбын берген кезде фотосурет ауыстырылады, өзекті емес фотосуреттер конвертте сақталады.
Екінші ішкі жағында көлемі 200х280 милиметр жоғарғы клапаны бар конверт орналастырылады. Конвертте келесі мынадай құжаттар: 1) кадр бөлімшесінің қызметкері куәландырған жеке куәліктің көшірмесі;
2) нотариалды түрде расталған білім туралы құжаттардың көшірмелері (білім берудің оқу бағдарламаларының үздіксіздік және сабақтастық принципін ескере отырып: орта, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі);
3) біліктілік сынып, спорттық разрядтарының бар-жоғы туралы құжаттардың көшірмесі;
4) отбасы жағдайы туралы, балалардың тууы туралы кадр бөлімшесі қызметкері куәландырған құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасы;
6) әскери есепке алу құжаты (әскери міндетті адамдар үшін);
7) кірістері мен мүліктері туралы, оның ішінде зайыбының (жұбайының) (соңғы бес жылға) кірістері мен мүліктері туралы декларация тапсыру туралы салық органынан анықтамалардың көшірмелері сақталады. Конверттің сыртқы жағында конверттің ішіндегі құжаттардың тізімдемесі осы Қағидалардың 6 қосымшасына сәйкес тіркеледі.
11. Осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес рәсімделетін жеке істің қызметтік тізімі құқық қорғау қызметі өткеруін көрсететін құжат болып табылады.
Жазулар күн сәулесіне төзімді көк сиямен, бұдан әрі белгіленген жағдайлардан басқа, анық, ұқыпты, қысқартуларсыз және түзетулерсіз өз қолымен жүргізіледі.
Егер кейіннен қызметтік тізімдегі жазбада жүргізілген жазуларда дәлсіздіктер мен бұрмалаулар анықталған жағдайда түзетулер енгізіледі. Барлық түзетулер «Түзетілгенге сену керек» деген сөзбен расталады, кадр бөлімшесі қызметкерінің қолы мен кадр қызметінің мөрі қойылады.
Қызметтік тізімді ресімдеу және оған кейіннен жазбалар енгізу мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының іс жүргізу тіліне қарай мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Жеке істің қызметтік тізіміндегі, тізімдемесіндегі және басқа да құжаттардағы әртүрлі жазбаларды сандық ресімдеу араб сандарын ғана пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Кейбір жағдайларда қызметтік тізімге белгіленген үлгідегі (арнайы есепке қою туралы, еңбек сіңірген жылдарын белгілеу туралы және тағы басқа мөртаңбалар қойылады.
Мөртаңба анық болып қойылуы қажет. Қызметтік тізімге оның нысанында көзделмеген деректерді енгізуге тыйым салынады.
Қызметтік тізімнің бөлімдерін толтыру кезінде, егер осы сәтте қандай да бір ақпарат жоқ болса немесе ол тұрақсыз түрде болса (жоқ, тұрмысқа шықпаған және тағы басқа), онда жазба қара қарындашпен «жоқ», «болмаған» ескертпе түрінде қойылады (мысалы, «Ғылыми дәрежесі, атақтары туралы мәліметтер» бөлімі – жоқ).
Қызметтік тізімді жасау және оны кейіннен жүргізу кезінде төмендегілерді басшылыққа алу керек:
1) қызметтік тізімнің титулдық бетінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) деген бағанда сөздерді лексикографиялық ресімдеуді ескере отырып, бұрмалаусыз, жеке куәлігіне дәл сәйкестікте қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда) толық және анық көрсетіледі. Тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болғанда) өзгерген жағдайда алдыңғы деректер дөңгелек жақшаға ұқыпты алынады, шимайланбайды. Жанына өзгертілген мәліметтер анық түрде енгізіледі. Сол жақ төменгі бұрышында есепке алу деректерін өзгерткені туралы белгіленген үлгідегі мөртаңба қойылады, онда бұрынғы және өзгертілген деректер, бұйрықтың № мен күні, бұйрықты шығарған сатылардың атауы белгіленеді.
2) арнаулы (әскери) атақтар кестесінде жаңадан қабылданған адамның әскери билетінде көрсетілген атағы көрсетілмейді. Тек бірінші және кезекті арнаулы (әскери) атақтар беру туралы жеке құрам бойынша бұйрықтар осы кестені толтыруға негіз болып табылады.
3) «Туған күні туралы мәліметтер» деген 1-бөлімде жеке куәлікке сәйкес қатаң түрде жазба енгізіледі және сөздік-сандық тәсілмен мәтіндік аймақта толығымен жазылады.
4) «Туған жері туралы мәліметтер» деген 2-бөлімде жазба жеке куәлігі негізінде және кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақшамен салыстырылып енгізіледі.
5) «Ұлты туралы мәліметтер» деген 3-бөлімде жазба жеке куәлікпен қатаң сәйкестікте енгізіледі.
6) «Білімі туралы мәліметтер» деген 4-бөлімде білімі туралы құжаттар негізінде толтырылады. Негізгі бағанда қызметтік тізімді толтыру кезіндегі бар білімінің жалпы сипаттамасы беріледі.
4-бөлімнің құрылымдық элементтеріне білім беру ұйымының атауы, дипломның сериясы мен нөмірі, бітірген жылы, біліктілігі, дипломы бойынша бағыты немесе мамандығы, берілген академиялық дәрежесі көрсетіледі.
7) «Тілдерді білуі» деген 5-бөлімде қызметкердің толтырған сауалнамасы негізінде жазба енгізіледі. Қызметкер меңгерген тілдер қысқартуларсыз толық көрсетіледі. Тілдерді білу деңгейі мәтіндік нысанда мынадай түрде көрсетіледі: «еркін меңгерген», «оқи алады және түсіндіре алады», «оқи алады және сөздікті қолдана отырып аударады».
8) «Ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы мәліметтер» деген 6-бөлімде білім және ғылым саласындағы өкілетті мемлекеттік органдар берген құжаттар негізінде жазбалар енгізіледі. Бұл бөлімде ғылыми дәрежесі және (немесе) ғылыми атағы, ғылыми дәрежені немесе арнайы атақты беру күні, құжатты кім берді, құжаттың нөмірі (сериясы) көрсетіледі. Сонымен қатар, мамандықтың шифрі және ғылыми зерттеудің саласы көрсетіледі.
9) «Ғылыми еңбектері мен өнертапқыштығының бар-жоғы туралы мәліметтер» деген 7-бөлімде диссертациялық зерттеулер тақырыптарының (кандидаттық, докторлық, PhD докторлық/ бейін бойынша, магистрлік) атаулары көрсетіледі, жазбалар қызметкер берген белгіленген үлгідегі ғылыми еңбектері мен өнертапқыштығы тізімі негізінде енгізіледі. Бұл бөлімде ғылыми еңбектері мен өнертапқыштығы тізімінің барлығын көрсету мүмкін болмаған жағдайда қызметкер берген тізім жеке істің үшінші бөліміне тігіледі.
10) «Өзіндік еңбек қызметі» деген 8-бөлімде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы, қаржы полициясы органдарындағы, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, осыған ұқсас құрылымдардағы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарындағы қызметтерді қоспағанда, еңбек қызметін растайтын тиісті құжаттардың негізінде еңбек қызметінің басынан бастап атқарылған жұмыстар туралы деректер енгізіледі. Аталған бөлімде азаматтық оқу орындарында күндізгі нысан бойынша оқуы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, осыған ұқсас құрылымдарда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарында жұмыскер және қызметші ретіндегі жұмысы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Бөлімнің соңында көрсетілген мәліметтер қызметтік тізімді ресімдеген адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, қолымен расталады, сондай-ақ еңбек қызметін және оның негізінде жүргізілген жазбаларды растайтын құжаттың деректемелері көрсетіледі. Қолы персоналмен жұмыс жасау бөлімшесінің мөрімен расталады.
11) «Қызмет өткеру» деген 9-бөлімде жазбалар хронологиялық тәртіппен жүргізіледі: Қарулы Күштердегі мерзімді әскери қызметті өткергені туралы мәліметтер – әскери билет негізінде; бастапқы оқудан өткені туралы мәліметтер – белгіленген үлгідегі сертификат (куәлік) негізінде; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімшелеріндегі оқуы – тиісті оқу орнына оқуға қабылдау және аяқтау туралы бұйрықтар негізінде; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, осыған ұқсас құрылымдарда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарында қызмет өткеруі – тиісті инстанциялардың жеке құрамы бойынша бұйрықтары негізінде жүргізіледі.
Бұл бөлімге мынадай:
1) тиісті инстанциялардың жеке құрамы бойынша бұйрықтардың негізінде еңбек қызметі туралы;
2) Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарына әскери қызметшілерді, қызметкерлерін қызметке жіберу туралы;
3) шетелдік оқу мекемелері немесе білім алушылардың өздері ұсынған оқуға қабылдау және оқуды аяқтау туралы бұйрықтары негізінде шет мемлекеттерінің оқу орындарында мемлекеттік қызмет істері органдары бюджетінің есебінен оқығаны туралы мәліметтер енгізіледі.
Сондай-ақ, осы бөлімде тиісті бұйрықтар негізінде лауазымдық жалақы мөлшерін анықтау үшін қызмет өтілін белгілеу туралы бекітілген үлгідегі мөртаңба қойылады.
Бұйрықтың нөмірі, күні және оны шығарған инстанцияның атауы осы бұйрықпен расталған әрбір қызметі кезеңінің жанында жазылады. Басшы құрамдағы адамдардың жоғары лауазымнан төменгі лауазымға ауыстырылуын жазу кезінде ауыстыру себебі көрсетіледі, мысалы: «тәртіптік жаза түрінде төмендетіле отырып тағайындалды» немесе «штаттардың қысқартылуына байланысты төмендетіле отырып тағайындалды» немесе «жеке өтініші бойынша төмендетіле отырып тағайындалды». Лауазымда төмендету себептері туралы жазба жеке құрам бойынша бұйрықтың негізінде ғана жүргізіледі.
Қызметкерді қызметке жіберген, қызметтен босатқан жағдайларда немесе оны жеке құрам тізімінен алып тастаған кезде 9-бөлімде жүргізілген жазбаларға кадр бөлімшесінің басшысы немесе оны алмастырушы тұлға қол қояды және кадр бөлімшесінің немесе мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органының мөрімен бекітіледі.
12) «Жеңілдік жағдайларда еңбек сіңірген жылын есептеуге жататын қызмет кезеңдері» деген қызметтік тізімнің 10-бөлімінде зейнетақыны жеңілдік жағдайларда тағайындау кезінде еңбек сіңірген жылын есептеуге жататын қызмет кезеңдері жазылады.
Қызметтік тізімнің осы бөліміне мынадай мазмұндағы жазба енгізіледі: «Зейнетақыны тағайындау үшін қызмет кезеңін еңбек сіңірген жылдарына _______________________бастап_____________________аралығында жеңілдік жағдайларда есептелсін:_________ай үшін бір ай.
Негіздеме: __________________________________________________ (бұйрықтар, еңбек сіңірген жылдарына жеңілдіктерді есептеу құжаттары )». Соғыстарға және басқа да жауынгерлік іс-қимылдарға қатысуы туралы мәліметтер ол жауынгерлік әрекеттерге қатысқан әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің атауын көрсете отырып, хронологиялық тәртіпте бірізділікпен жазылады. Жазбалар Қарулы Күштер тізімдеріне, бұйрықтарға, мұрағаттар анықтамаларына немесе нөмірі, күні және оны шығарған органның аты көрсетіле отырып, басқа да ресми құжаттарға сілтеме жасаумен расталады.
Қызметкердің шалғайдағы және биік таулы жерлердегі қызметі туралы жазбалар осы аудандарда қызметтің жеңілдік жағдайларын белгілейтін Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріне сілтеме жасай отырып жүргізіледі.
10-бөлімде жүргізілген жазбалар кадр бөлімшесі басшысының немесе оны ауыстырушы тұлғаның қолымен және кадр бөлімшесінің мөртаңбасымен расталады.
13) «Даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау» деген 11-бөлімде растайтын құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және тағы басқа) негізінде ведомстволық білім беру ұйымдарында қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, сондай-ақ басқа да министрліктердің, ведомстволардың, оның ішінде шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдарында қызметкерлерді даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы жазбалар енгізіледі.
Даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау қайда және қай жерде жүргізілгені, оқудың бейіні мен түрі, алған мамандығы мен біліктілігі, растайтын құжаттың деректемелері көрсетіледі. Мысалы: Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы, 2014 жылғы 12-27 қараша аралығында, арнайы бөлімшелері басшыларының біліктілігін арттыру, 2014 жылғы 27 қарашадағы № ____ сертификат.
14) «Аттестация туралы мәліметтер» деген 12- бөліміне аттестация өткізу күні, аттестация комиссиясының қабылдаған шешімі туралы және ұсыныстары туралы мәліметтер енгізіледі.
Төрағамен және аттестация комиссиясының мүшелерімен қол қойылған аттестация парағы жазбалар енгізу үшін негізі болып табылады.
15) Қызметтік тізімнің «Наградалар мен көтермелеулер» деген 13-бөлімінде қызметкердің қызмет өткерген кезеңінде алған Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің мемлекеттік наградалары, сондай-ақ көтермелеулері туралы мәліметтер енгізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің Наградтау туралы жарлығы, көтермелеулер туралы тиісті инстанциялардың бұйрықтары жазбалар енгізу үшін негіз болып табылады. Бұл бөлімде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары медальдарын беру туралы белгіленген үлгідегі мөртаңбалар қойылады.
16) Қызметтік тізімнің «Тәртіптік жазалар» деген 14-бөлімінде қызмет өткеру кезеңінде қызметкерлерге салынған тәртіптік жазалар жазылады. Қызметкерді тәртіп