• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2016

Буркина-Фасо астанасындағы ірі қонақ үйде жарылыс болды

560 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 қаңтар. Батыс Африкада орналасқан мемлекет Буркина-Фасоның астанасы – Уагадугу қаласындағы ірі қонақ үйлердің бірінде жарылыс және атыс болды. Бұл туралы РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазіргі таңда елде туарегтердің НДОА ұйымының содырлары жиі қақтығыстар ұйымдастырып жүргенін атап өткен жөн. Олар Сахара шөліндегі Азавад аймағының тәуелсіздігі үшін күресуде. Аталған аймақ Малидің солтүстік-шығыс және шығыс бөлігін, Буркина-Фасоның солтүстігін, Нигер елінің батысы мен солтүстік-батысын, Алжирдің оңтүстік-шығысын және Ливияның оңтүстік-батыс өңірін қамтиды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кезінде туарегтердің қозғалысын Ливияның бұрынғы көшбасшысы Муамар Каддафи қолдап отырған. Ұйым өкілдері соңғы рет қатарларына Каддафидің жақтастары қосылған кезде бас көтерген болатын. Еламан Қоңыр. Дерек: РИА «Новости». Сурет: EPA.