• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2016

«Жас қыран» әскери-патриоттық бірлестігін дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігінің МӘЛІМДЕМЕСІ

325 рет
көрсетілді

«Жас қыран» әскери-патриоттық бірлестігін дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігі (ҚБ) Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі

мәслихаттар депутаттарының

мерзімінен бұрын сайлауларын өткізу жөніндегі бастаманы қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

«Жас қыран» әскери-патриоттық бірлестігін дамыту орталығы» ҚБ Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауларын өткізу жөніндегі бастаманы қызу қолдайды. Елімізде қолға алынып жатқан реформаларды жүзеге асыру және дағдарысқа қарсы күресті күшейту қажеттігін түсінгендіктен біз депутаттардың бұл бастамасын дұрыс деп есептейміз. Ықтимал сайлауда Депутаттар халық сенімінің жа­ңа мандатын алады. Бұл реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету ісінде Парламент Мәжілісінің жауапкершілігін одан сайын арттыра түседі. Жалпы, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруда билік пен азаматтық қоғамның үйлесімді жұмыс істеуін талап етеді. Сайлау елімізді дамудың жаңа сатысына көтеру үшін халықтың белсене атсалысуына жол ашады. Біз барлық отандастарымызды мерзімінен бұрын сайлау өткізуді қолдауға шақырамыз.