• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2016

«Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің МӘЛІМДЕМЕСІ

362 рет
көрсетілді

«Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі (ҚБ) Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының

мерзімінен бұрын сайлауларын өткізу жөніндегі бастаманы қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

«Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы» ҚБ депутаттардың Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауларын өткізу жөніндегі сауатты бастамасы орынды көтеріліп отыр деп есептейді. Бесінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының іргетасын нықтауға зор үлесін қосты. Қазіргі таңда дағдарысқа қарсы шаралар қабылдауда белсенділік таныту аса қажет. Депутаттардың үндеуі халықтың Мәжіліске деген сенімін тағы бір рет таразыға сала отырып, азаматтардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыра түседі. Бұл өз кезегінде бес институттық реформадан туындайтын ауқымды міндеттерді лайықты жүзеге асыруға, тұрақтылық пен орнықты дамуға мүмкіндік береді.